“Қайда тіркелгенсіз?“ Алматыда Қорғаныс министрлігінің қызметкерімін деген адам күдік туғызды

Дина Шарипханова Корреспондент
“Қайда тіркелгенсіз?“ Алматыда Қорғаныс министрлігінің қызметкерімін деген адам күдік туғызды видео кадры

Алматыда белгісіз ер адам өзін Қорғаныс министрлігінің қызметкерімін деп таныстырып, көшедегі адамдардан тіркелген мекенжайын сұраған. Жағдайға ведомство өкілдері пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Алматыда белгісіз ер адам өзін Қорғаныс министрлігінің қызметкерімін деп таныстырып, көшедегі адамдардан тіркелген мекенжайын сұраған. Жағдайға ведомство өкілдері пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Не болған?

Оқиға туралы әлеуметтік желілерде жарияланды. Жазба авторының айтуынша, жағдай 21 қаңтарда Алматыдағы "Москва" сауда орталығы маңында болған.

Реклама
Реклама

Оның сөзінше, оған және досына "Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі" деген бейдж таққан белгісіз ер адам жақындап, еш түсіндірместен тіркелген мекенжайы туралы сұрақтар қоя бастаған.

"Ешқандай аман-сәлемсіз, өзін таныстырмай "Қай жерде тіркелгенсіздер?" деп сұрады", - деп жазды автор.

Автордың айтуынша, өзін таныстыруды сұраған кезде ер адам нақты жауап бермеген. Ол әскери комиссариатта жұмыс істейтінін айтқан.

"Ол: "Мені күте тұр, полиция шақырамын", - деді де, кетіп қалды", - делінген жазбада.

Қорғаныс министрлігі не дейді?

Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі әлеуметтік желілерде тараған видео мен оқиғаға қатысты жазбаларға пікір білдірді.

"Видеода көрінген және өзін Қорғаныс министрлігінің қызметкерімін деп таныстырған адам әскери қызметші емес және Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігіне еш қатысы жоқ", - деп хабарлады ведомство.

Министрлікте аталған факт бойынша тексеру жүргізіліп жатқанын атап өтті.

"Қорғаныс министрлігі уәкілетті органдармен бірлесіп болған жағдайдың мән-жайын тексеріп жатыр. Тексеру нәтижесі бойынша материалдар заңда көзделген шараларды қабылдау үшін ішкі істер органдарына жолданады", - деп қосты ведомство.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Автор сұрағы
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама