12 наурыз 2024 12:12

"Қайдан шықты?" Бектенов министрдің баяндамасынан "артық" зауытты байқады

Фото:t.me/KZgovernment

Премьер-министр Олжас Бектенов экология министрі Ерлан Нысанбаевтың баяндамасынан қоқыс өңдейтін екі "артық" зауытты байқады. Ол бүгін үкімет отырысында қатты тұрмыстық қалдықтарды қайта өңдеу мәселесі туралы ақпарат берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

"Бұған дейін берілген ақпарат бойынша, 35 зауыт салынады. Есепте 37 жаңа зауыт салынады дедіңіз. Тағы 2 жаңа зауыт қайдан шықты?" – деп сұрады Бектенов Нысанбаевтан.

"Астана бойынша тағы екі зауыт қосылды. Кеше есепке қосылды. Слайдтар өткен аптада берілген", - деп жауап берді министр.

Реклама
Реклама

Бұдан кейін премьер-министр әңгіме нақты жүзеге асырылатын жобалар туралы ма, деп сұрады. Нысанбаевтың айтуынша, бұл жобаларға қатысты мәселелер күн сайын уәкілетті органдармен талқыланады.

"Әрбір әкімдікте күн сайын облыс әкімінің тиісті орынбасарлары, сондай-ақ тиісті басқарма қызметкерлерімен бірлесіп жұмыс жүргізіліп жатыр. Әрбір жоба қаралды. Мұнда бұл жобалардың дайындық деңгейі өте жоғары", - деді шенеунік.

Үкімет басшысы бұл мәселені бақылауда ұстауға уәде беріп, министрден нақты деректер беруді талап етті.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram