Қайрат Әбдірахманов ЕҚЫҰ-ның жоғарғы комиссары болды

Қайрат Әбдірахманов. Фото Tengrinews.kz/Тұрар Қазанғапов

Қазақстанның бұрынғы сыртқы істер министрі Қайрат Әбдірахманов ЕҚЫҰ-ның аз ұлттар істері жөніндегі Жоғарғы комиссары болды. Бұл туралы ұйым төрағасы және Албания премьер-министрі Эди Рама мәлімдеді, - деп хабарлайды РИА Новости.

Қазақстанның бұрынғы сыртқы істер министрі Қайрат Әбдірахманов ЕҚЫҰ-ның аз ұлттар істері жөніндегі Жоғарғы комиссары болды. Бұл туралы ұйым төрағасы және Албания премьер-министрі Эди Рама мәлімдеді, - деп хабарлайды РИА Новости.

"Бізде жаңа басшыларды тағайындауға бәрі дайын екеніне қуаныштымын. Хельга Шмид бас хатшы, Маттео Мекаччи ДИАҚБ (Демократиялық институттар және адам құқықтары жөніндегі бюро - авт. еск.) директоры, Тереза ​​Рибейро БАҚ бостандығы жөніндегі өкілі болды.

Қайрат Әбдірахманов ЕҚЫҰ-ның аз ұлттар істері жөніндегі жоғарғы комиссары болып тағайындалды", - деді Рама.

Қайрат Әбдірахманов Сыртқы істер министрлігін 2016 жылдың желтоқсанынан 2018 жылдың желтоқсанына дейін басқарған болатын.

Реклама
Реклама

Елші ретінде Әбдірахманов әр жылдары Израильде, Австрияда, Словенияда жұмыс істеген. 2008-2011 жылдар аралығында ЕҚЫҰ жанындағы Қазақстанның тұрақты өкілі болған. Бірнеше жыл бойы Қазақстан Республикасының БҰҰ жанындағы тұрақты өкілі қызметін атқарған еді.

ЕҚЫҰ - әлемдегі ең ірі аймақтық қауіпсіздік ұйымы. Оған Солтүстік Америка, Еуропа мен Орта Азияда орналасқан 57 ел кіреді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама