03 ақпан 2022 | 20:18

Қайрат Ақтанов Ұлттық ұлан бас қолбасшысының бірінші орынбасары болып тағайындалды

Жансая Қадыржанова Корреспондент

Қайрат Ақтанов Ұлттық ұлан бас қолбасшысының бірінші орынбасары болып тағайындалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Қайрат Ақтанов Ұлттық ұлан бас қолбасшысының бірінші орынбасары болып тағайындалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

Президент әкімшілігінің келісімі бойынша Ішкі істер министрінің бұйрығымен генерал-майор Қайрат Ақтанов Ұлттық ұлан бас қолбасшысының бірінші орынбасары - Бас штаб бастығы болып тағайындалды.

"Президент Ішкі істер органдары мен Ұлттық ұлан алдына үлкен міндеттер қойып отыр. Қаңтардағы оқиғалар бізден жедел іс-қимыл, Ішкі істер және қорғаныс министрліктері арасындағы өзара іс-қимылдың анықтығы талап етілетінін көрсетті. Генерал-майор Ақтанов қоғамдық тәртіпті сақтау және қылмысқа қарсы күрес жөніндегі міндеттерді орындау үшін барлық күш-жігерін жұмсайтынына сенімдімін, - деді ІІМ басшысы Ерлан Тұрғымбаев.

Реклама
Реклама

Қайрат Ақтанов 1972 жылы 1 наурызда Солтүстік Қазақстан облысында дүниеге келген. Шекара әскерлерінің әскери институтын, Қарулы Күштердің Ұлттық қорғаныс университетін, Ресей Бас штабының әскери академиясын бітірген.

Әр жылдары "Батыс", "Оңтүстік" және "Шығыс" өңірлік қолбасшылықтарына басшылық етті, Ұлттық ұлан бас қолбасшысының кеңесшісі және Бас штабы бастығының бірінші орынбасары болды.

Қазақстанның 12 медалімен наградталған, ІІМ-нің құрметті қызметкері.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная