04 қаңтар 2023 | 12:56

Қайрат Боранбаев Қазақстаннан қашу әрекеті туралы сұраққа жауап берді

Гүлнара Досымшалова Корреспондент

Қамауға алынған кәсіпкер Қайрат Боранбаев ұсталғанға дейін елден қашуға әрекеттенбегенін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Қамауға алынған кәсіпкер Қайрат Боранбаев ұсталғанға дейін елден қашуға әрекеттенбегенін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Астанадағы сот отырысының үзілісінде журналистер Қайрат Боранбаевтан оның елден қашпақ болған жерінде қамауға алынғаны туралы қауесет туралы сұрады.

"Бұл - негізсіз ақпарат. Мен сол кезде жиналыстарда болдым, кешкі сағат 17:00-де қалыпты жұмыс күні кезінде мені қамауға алды. Мен Бейжіңнен жаңа келдім (Боранбаев Ұлттық Паралимпиада комитетін басқарды - еск.), біз онда қола жүлде алдық. Иә, Ригаға түнде, сағат екіде ұшамын деп ойладым(...) Неге қашуым керек? Осында туып-өстім, әкем осында жерленген, анам да, бизнес те осында. Мен қайда қашуым керек?" - деді Боранбаев.

Реклама
Реклама

Ол рейстің жоспарланғанын түсіндірді. Оның адвокаттары сотқа бұл бір айға жоспарланған жұмыс сапары екенін дәлелдейтін барлық құжатты ұсынды.

Еске салайық, 26 желтоқсанда Қаржы мониторингі агенттігі өкілдері Қайрат Боранбаев ісінің жай-жапсарын айтқан болатын.

Ведомство мәліметінше, "АзияГазЧунджа" ЖШС құрылтайшылары Қайрат Боранбаев пен Роман Наханов және Qazaq Gaz АҚ басқарма төрағасының бұрынғы орынбасары Таир Жанұзаққа сұйытылған мұнай газын сатып алу кезінде 14,5 миллиард теңге ұрлау және қылмыстық кірістерді заңдастыру деректері бойынша қылмыстық істі тергеуді аяқтады.

Ұлттық компанияға келтірілген залал Qazaq Gaz АҚ шоттарына аудару арқылы толық көлемде өтелді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная