Қайрат Нұртастың Астанадағы концерті өтпейтін болды

Фото: instagram.com/kair_n

Қазақстандық танымал әнші Қайрат Нұртастың 7 шілдеге жоспарланған концерті өтпейтін болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Қазақстандық танымал әнші Қайрат Нұртастың 7 шілдеге жоспарланған концерті өтпейтін болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Бұл туралы шараны ұйымдастырушылар Instagram желісіндегі ресми парақшасында хабарлады.

"7 шілдеде "Астана" концерт залында жоспарланған Қайрат Нұртас, Мирас Жүгінісов және Қазыбек Құрайыштың қатысуымен өтетін концерт уакытша ауыстырылғанын хабарлаймыз", - делінген хабарламада.

Реклама
Реклама

Ұйымдастырушылар концерттің өтпеуі мен кейінге шегерілуі себебін нақтыламады, бірақ қазақстандықтар бұл Қайрат Нұртасқа қатысты құқықтық мәселелерге байланысты екенін айтып жатыр.

Еске салайық, осыған дейін қазақстандық танымал әнші Қайрат Нұртас тағы бір жанжалға ілігіп, сотқа тартылғаны белгілі болған еді. Атап айтқанда, ол ұшақта төбелес шығарған.

Астана әкімшілік құқық бұзушылық істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының үкімі бойынша Қайрат Нұртас 15 тәулікке әкімшілік қамауға алынды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама