16 қаңтар 2022 | 14:36

Қайрат Оразбаев Атырау қаласының әкімі қызметінен босатылды

Дина Шарипханова Корреспондент
Фото:azh.kz

Қайрат Оразбаев Атырау әкімі қызметінен босатылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Қайрат Оразбаев Атырау әкімі қызметінен босатылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Атырау қаласының әкімі Қайрат Оразбаев 30 желтоқсаннан бастап жыл сайынғы еңбек демалысына шықты. 2022 жылдың 10 қаңтарында жұмысқа шақыртылды. Денсаулық жағдайына байланысты 11 қаңтардан бастап Қайрат Оразбаев емделіп жатыр.

Облыс әкімінің өкімі бойынша, 14 қаңтарда Қайрат Оразбаев берген өтініші негізінде Атырау қаласының әкімі қызметінен босатылды. Қазіргі уақытта қала әкімі міндетін әкімнің орынбасары Жұмабек Қаражанов атқарады", - деді Атырау облысы әкімінің баспасөз қызметі өкілдері.

Қайрат Оразбаев Атырау әкімі болып 2020 жылдың қаңтарында тағайындалған еді.

Реклама
Реклама

Бұған дейін Атырау әкімдігінің баспасөз хатшысы Нұрислам Ғұмар қаңтардағы тәртіпсіздіктер кезінде қала әкімі Қайрат Оразбаев қайда болғанын айтқан еді. Бұл туралы "АқЖайық" басылымы жазған болатын.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная