03 желтоқсан 2019 11:24

Қайрат Реимов 25 миллион теңге кепілмен босатылған

Қайрат Реимов. © Қазақстан баспасөз клубы

Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев "Алматыметроқұрылыс" директорлар кеңесінің төрағасы Қайрат Реимовтің ісі туралы пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев "Алматыметроқұрылыс" директорлар кеңесінің төрағасы Қайрат Реимовтің ісі туралы пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Сот қамауда ұстау туралы санкция шығарып, 25 миллион теңге кепіл сомасын бекітті. Сондықтан процедуралық мәселе бар. Қорғаныс тарапы бағаланған жылжымайтын мүлік құжаттарын ұсынды. Осы рәсімдерден кейін ол кепілмен босатылды", - деді министр Үкімет отырысынан кейін журналистердің сұрақтарына жауап бере отырып.

Реклама
Реклама

Алматы әкімі метро құрылысы тоқтамайтынын айтты

Еске салайық, "Алматыметроқұрылыс" компаниясы директорлар кеңесінің төрағасы Қайрат Реимов "алаяқтық жасады" деген күдікпен 27 қарашада таңғы уақытта ұсталған

2 желтоқсанда оның кепілмен босатылғаны белгілі болды.

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram