10 қаңтар 2024 13:13

Қайрат Сатыбалдыұлы мемлекетке 850 миллиард теңге қайтарды - Антикор

Фото:gov.kz

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет сотталған кәсіпкер Қайрат Сатыбалдыұлының мемлекет кірісіне 850 миллиард теңгені қайтарғанын хабарлады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет сотталған кәсіпкер Қайрат Сатыбалдыұлының мемлекет кірісіне 850 миллиард теңгені қайтарғанын хабарлады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Кәсіпкер Қайрат Сатыбалдыға қатысты тағы бір іс тергеліп жатыр. Ол салықтан жалтарды деген күдікке ілінді. Бұл туралы Антикордың ресми өкілі Арман Тілеукенов айтты.

"Бүгінде Қайрат Сатыбалдыға қатысты Қылмыстық кодекстің 218-бабы 3-бөлігі ("Қылмыстық жолмен алынған кірістер және заңсыз ақшадан түскен пайданы жылыстату") бойынша соталды тергеу аяқталды. Қайрат Сатыбалды түрлі мүлікті, оның ішінде шетелде де мүлік сатып алған. Ол Қазақстандағы және шетелдегі банктерден ақша алған. Қазір бұл іс сотта қаралып жатыр. Сондай-ақ, салықтан жалтару фактісі бойынша тағы бір соталды тергеу жалғасып жатыр. Жаңа ақпарат болса, біз оны жариялаймыз", - деді ресми өкіл.

Реклама
Реклама

Оның айтуынша, Қайрат Сатыбалды тиесілі болған барлық актив бұғатталған.

"Олар мемлекет пайдасына қайтарылады. Бүгінде мемлекетке 850 миллиард теңгеден аса қаражат қайтарылды", - деді Арман Тілеукенов.

Еске салайық, кәсіпкер Қайрат Сатыбалдының ісі Астана қаласы Байқоңыр аудандық №2 сотында қаралған еді. Ол кінәлі деп танылып, 6 жылға сотталған болатын.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram