20 желтоқсан 2023 | 09:41

Қайрат Сатыбалдыұлының 120 миллион доллар активтері мемлекетке қайтарылды

Фото:gov.kz

Қайрат Сатыбалдыұлының активтері мемлекетке қайтарылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Антикор мәліметіне сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Қайрат Сатыбалдыұлының активтері мемлекетке қайтарылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Антикор мәліметіне сілтеме жасап.

Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Қайрат Сатыбалдыұлына және басқа да адамдарға қатысты жүргізіліп жатқан тергеп-тексеру шеңберінде елден заңсыз шығарылған активтерді, оның ішінде қылмыстық жолмен алынған ақша қаражатын және өзге де мүлікті қайтару жөнінде шаралар қабылдап жатыр.

"Тек биылғы желтоқсанда Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет қабылдаған шаралардың нәтижесінде Сатыбалдыұлының жалпы сомасы 120 миллион АҚШ долларына, яғни 55,4 миллиард теңгеден асатын ақшалай қаражатын қайтаруды қамтамасыз етті", - делінген хабарламада.

Реклама
Реклама

Көрсетілген қаражат мемлекетке келтірілген залалды өтеу есебіне республикалық бюджетке жіберілгені айтылды.

"Осылайша, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет соңғы 2 жылда бюджетке және квазимемлекеттік сектор субъектілеріне 912 миллиард теңгеден астам сомаға мүліктік активтер мен ақшалай қаражатты қайтаруды қамтамасыз етті.

Бұрын айтылғандай, олардың қатарына әкімшілік ғимараттар, эксклюзивті зергерлік бұйымдар, сәнді үйлер, пәтерлер мен автомобильдер, акциялар мен компаниялардағы үлестер, теміржол жолдары мен ақша қаражаттары, соның ішінде шетелден алынған қаражаттар кіреді".

Заңсыз шығарылған активтерді қайтару бойынша жұмыс жалғасып жатқаны айтылды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная