Қайта қамауға алынады: сот Жомарт Ертаевқа қатысты шешімді жойды

Дина Шарипханова Корреспондент
Қайта қамауға алынады: сот Жомарт Ертаевқа қатысты шешімді жойды

Экс-банкир Жомарт Ертаевты босату туралы сот қаулысы жойылды. Бұл туралы Мәжіліс депутаты Абзал Құспан мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Экс-банкир Жомарт Ертаевты босату туралы сот қаулысы жойылды. Бұл туралы Мәжіліс депутаты Абзал Құспан мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Құспан Facebook-парақшасында Ертаевқа қатысты сот қаулысы 1 қазанда күшін жойғанын жазды.

"Ертаевқа қатысты сот қаулысы бүгін бұзылды. Өтінішімді қолдап, әділ шешімге ықпал еткен ҚР Бас прокуратурасы Алматы облысының прокуроры мен сотына, сондай-ақ мәселені алғаш көтерген журналистер қауымына алғыс айтамын!" - деп жазды депутат.

Жарнама
Жарнама

Мәжілістің тағы бір депутаты Ермұрат Бапи Құспанның Бас прокуратураға бұл шешімге наразылық білдіру туралы талап жолдағанын хабарлады.

"Бүгін сол талап орындалып, прокуратураның қарсылық келтіруі бойынша Жомарт Ертаев қайтадан қамауға алынатын болды", - деді Бапи.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Автор сұрағы
Жолдау
Пікірлер редакция тарапынан модерациядан өтеді
Пікірлерді оқу

Жарнама
Жарнама