Кеше | 09:20

Қайтарылған активтен тағы 2 миллиард теңге қайда жұмсалатыны айтылды

Фото. үкіметтің баспасөз қызметі

Петропавлда балабақша салу үшін қайтарылған активтер есебінен 2 миллиард теңгеден астам қаржы бөлінді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Үкіметің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Петропавлда балабақша салу үшін қайтарылған активтер есебінен 2 миллиард теңгеден астам қаржы бөлінді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Үкіметің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Үкімет Петропавлда 280 орындық балабақша салу үшін Арнаулы мемлекеттік қордан 2 миллиард теңгеден астам қаражат бөлу туралы шешім қабылдады. Нысан қазіргі уақытта белсенді салынып жатқан "Жас Өркен" шағынауданында орналасады. Қазір онда бала саны 100 пайыз толы мектепке дейінгі 3 мекеме жұмыс істейді.

"Балабақша құрылысы мектепке дейінгі ұйымдардағы орын тапшылығын азайтып, балаларға сапалы білім берудің қолжетімділігін арттыруға мүмкіндік береді. Қазіргі уақытта Петропавлда мектепке дейінгі ұйымдарға орналасуға шамамен 3 мың бала кезекте тұр, олардың жартысы 2 жастан 6 жасқа дейінгі балалар", - делінген хабаламада.

Реклама
Реклама

Айта кетейік, бұған дейін Үкімет Атырау облысындағы Жамансор және Ұлытау өңіріндегі Манадыр ауылдарында мектептер, Астанада тірек-қимыл аппараты бұзылған балаларға арналған оңалту орталығы, Ақтөбе қаласында ерекше балаларға арналған арнайы балабақша, Ақмола облысының Зеренді ауылында спорт кешені және Риддер қаласында көпсалалы аурухана кешені құрылысын аяқтауға арналған жобаларды іске асыру үшін қаражат бөлу туралы шешім қабылдаған болатын.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Вопрос от редакции
Что вы об этом думаете?
news135
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная