Қайтарылған активтер: тағы 1,4 миллиард теңге қайда жұмсалады?

Фото: Үкіметтің баспасөз қызметі

Жетісу облысыдағы Көксай ауылында жаңа мектеп салынады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Жетісу облысыдағы Көксай ауылында жаңа мектеп салынады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Мемлекет басшысының қайтарылған активтер есебінен әлеуметтік маңызы бар жобаларды іске асыру жөніндегі тапсырмасын орындау аясында Үкімет Арнайы мемлекеттік қордан облыстың Кербұлақ ауданы Көксай ауылында жаңа мектеп құрылысына 1,4 миллиард теңге бөлді", -делінген хабарламада.

Реклама
Реклама

Қазіргі уақытта елді мекенде бір мектеп жұмыс істейді, онда екі ауысымда 53 бала оқиды. Бұл ретте оқу орнында спорт және акт залдары, асхана жоқ, пәндік кабинеттер жетіспейді. Жаңа мектеп 60 орынға арналған. Ғимарат заманауи білім беру стандарттарына сәйкес жабдықталған. Нысанның құрылысы білім берудің қолжетімділігі мәселесін және мектепте орын тапшылығы мәселесін шешуге мүмкіндік береді: қазір ауылда 7 жасқа дейінгі 28 тұрғын бар.

Айта кетейік, бүгінде Үкімет арнайы мемлекеттік қордан әлеуметтік маңызы бар нысандар салуға 58 миллиард теңге бөлген. Атап айтқанда, 5 мектеп, оның ішінде бір музыкалық, 2 спорт кешені, көпфункционалды аурухана кешені, жатақхана, 2 балабақша және жедел медициналық жәрдем стансасы бар. "Заңсыз иемденілген активтерді мемлекетке қайтару туралы" Заң субъектілерінің қаражаты есебінен Арқалық, Астана, Алматы қалаларында бірқатар әлеуметтік инфрақұрылым нысанының құрылысы жүргізіліп жатыр.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама