Қайтарылған активтер: тағы 6 миллиард теңгеге жуық қаражат қайда жұмсалады?

Дина Шарипханова Корреспондент
Фото:depositphotos.com

Қарағанды облысының аудандарында қайтарылған активтер қаражатына 51 денсаулық сақтау нысаны салынып жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қарағанды облысының аудандарында қайтарылған активтер қаражатына 51 денсаулық сақтау нысаны салынып жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Үкімет Қарағанды облысында 51 медициналық мекеменің құрылысы жұмыстарын аяқтауға Арнаулы мемлекеттік қордан 5,9 миллиард теңге бөлу туралы шешім қабылдады. Нысандар "Ауылда денсаулық сақтауды жаңғырту" ұлттық жобасы аясында салынады. Оларды жыл аяғына дейін пайдалануға беру жоспарланып отыр.

"Шет, Ақтоғай, Абай, Бұқар жырау, Қарқаралы, Нұра және Осакаров аудандарында жаңа дәрігерлік амбулаториялар, сондай-ақ фельдшерлік-акушерлік және медициналық пункттер салынады. Оларды жүзеге асыру шалғайдағы елді мекендердің тұрғындары үшін медициналық қызметтердің қолжетімділігін арттыруға бағытталған. Медициналық қызметке қолжетімділік, алдын алу жұмыстары, ерте диагностика, сондай-ақ төтенше жағдайларда алғашқы көмек көрсетіледі", - делінген хабарламада.

Реклама
Реклама

Бүгінде 480 нысанның құрылысы аяқталған. Алғашқы медициналық-санитариялық көмек нысандарын салуға және ауруханаларды реконструкциялауға қаражат республикалық бюджеттен бөлінеді. Сонымен қатар, Арнаулы мемлекеттік қордан да қаржы қарастырылған.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама