04 ақпан 2021 | 09:23

Қайтыс болған дәрігер Иван Лидің отбасы жалған жарнамаға байланысты үндеу жасады

Фото: astanaclinic.kz

Нұр-Сұлтандағы № 2 аурухананың қайтыс болған бас дәрігері Иван Лидің ұлы қазақстандықтарды Желіде әкесінің суреті бейнеленген жарнамадан сақ болуды сұрады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Нұр-Сұлтандағы № 2 аурухананың қайтыс болған бас дәрігері Иван Лидің ұлы қазақстандықтарды Желіде әкесінің суреті бейнеленген жарнамадан сақ болуды сұрады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Танымал қазақстандық уролог және хирург Антон Лидің ұлы Интернетте әкесінің суретімен ресейлік препарат туралы ақпарат жазылған жарнама жүргенін айтты. Бірақ адамның аты нейрохирург Абай Әлібеков деп тұр.

Реклама
Реклама

"Жақында досым әкемнің суреті жарияланған сайтқа тап болды. Әкем Ли Иван Иванович 2020 жылдың 25 шілдесінде коронавирустан қайтыс болған. Ол атақты дәрігер, Қазақстанның денсаулық сақтау саласындағы үздік менеджерлердің бірі, Нұр-Сұлтан қаласының №2 қалалық ауруханасының бас дәрігері болған. Стационарлар ұйымдастырып, халықты коронавирустан диагностикалау және емдеу бойынша жұмысқа белсенді қатысқан.

Бірақ ниеті арам адамдар әкемнің суретін осы препаратты ұсынатын дәрігер ретінде түсініксіз сайтта пайдаланып, дәрі-дәрмек сатуға тырысып жүр", - деді Антон Ли.

Ол отбасы компанияға шағым жолдағанын да айтты, бірақ нәтиже жоқ. 

"Препаратты таратып жатқан белгісіз компания біздің шағымымызға әрекет еткен жоқ, біз оларға дәрі-дәрмектерін жарнамалауға суретті орналастыруға келісім бермедік. Үш күн өшіреміз деген уәде берумен болды, алайда жағдай өзгермеді!" - деді ашулы Антон Ли.

Иван Лидің отбасы қазақстандықтардан бұл жарнамаға сенбеуін сұрайды.

"Бұл ақпарат жалған! Әкем тірі кезінде бұл препарат туралы ешқандай пікір бермеген", - дейді Иван Лидің ұлы.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Ли Антон Иванович (@dr_li_surgeon)

Еске салайық, Астанада № 2 қалалық көпбейінді аурухананың бас дәрігері Иван Иванович Ли коронавирустан қайтыс болды. 

Бұған дейін Желіде танымал қазақстандық кардиохирург Юрий Пяның суреті бар фейк-жарнама пайда болған. Сол кезде ол қазақстандықтарға видеоүндеу жасаған. 

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная