20 тамыз 2024 | 15:31

Қайтыс болған павлодарлықтың қызы 5 миллион моральдық өтемақы алды

Фото: depositphotos.com

Павлодарда дәрігерлер науқасқа диагноз қоя алмай, оны ауруханаға жатқызудан бас тартқан. Олар осы әрекеті үшін сотта жауап беруге мөжбүр болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Павлодарда дәрігерлер науқасқа диагноз қоя алмай, оны ауруханаға жатқызудан бас тартқан. Олар осы әрекеті үшін сотта жауап беруге мөжбүр болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Жоғарғы сот сапасыз медициналық көмек көрсету туралы істің қалай аяқталғанын хабарлады.

"2023 жылы 16 ақпанда жедел жәрдем 56 жастағы ер адамды Павлодардың №3 қалалық ауруханасына жеткізді, бірақ ауруханаға жатқызудан бас тартылды. 17 ақпан мен 4 наурыз аралығында ол Павлодар медициналық мекемелеріне - Almaz Medical Group, облыстық ауруханаға, емханаға және № 1 қалалық ауруханаға бірнеше рет жүгінді. Алдымен бронхит, содан кейін жедел панкреатит, холециститпен өт жолдарының тастары диагнозы қойылды. Медициналық мекемелер көрсеткен медициналық қызметтер нәтиже бермеді және науқас 12 наурызда қайтыс болды", - делінген хабарламада.

Реклама
Реклама

Соталды тергеу органдары медицина қызметкерлерінің кәсіби міндеттерін тиісінше орындамағаны туралы істі тоқтатты. Олар бұл істе оқиға мен құқықбұзушылық жоқ деп есептеді.

Бірақ марқұмның қызы істің тоқтатылуына қарсы болды. Ол Павлодар қалалық сотына қаланың емдеу мекемелерінен медициналық көмектің сапасыздығынан 10 миллион теңге моральдық зиян өтемақысын өндіріп алу туралы талап арызбен жүгінді. Ол сапасыз көрсетілген көмектің салдарынан әкесі қайтып болып, өзінің азап шеккенін айтты.

Бірінші сатыдағы сот талапты қанағаттандырудан бас тартты.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram