17 мамыр 2022 | 06:28

Қайтыс болғандардың бірі жаңадан үйленген: Ақтауда суға батып кеткен үш жігіттің денесі табылды

Гүлнара Досымшалова Корреспондент
Фото: lada.kz

16 мамырда Ақтауда Каспий теңізінде суға батып кеткен үш жігіттің мәйіті табылды. Марқұмдардың бірі бір күн бұрын, 15 мамырда үйленген екен. Бұл туралы Маңғыстау облысы Төтенше жағдайлар департаменті басшысының орынбасары Бекболат Әбдіқадыров айтты, - деп хабарлайды Lada.kz сайты.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

16 мамырда Ақтауда Каспий теңізінде суға батып кеткен үш жігіттің мәйіті табылды. Марқұмдардың бірі бір күн бұрын, 15 мамырда үйленген екен. Бұл туралы Маңғыстау облысы Төтенше жағдайлар департаменті басшысының орынбасары Бекболат Әбдіқадыров айтты, - деп хабарлайды Lada.kz сайты.

Бекболат Әбдіқадыровтың айтуынша, қайтыс болған екі қарағандылық Ақтауға досының тойына келген. 16 мамырда достар теңізге шомылғысы келген. Осылайша үшеуі де суға батып кеткен.

"Суға түскен екі жігіт бата бастаған, ал екеуі оларды құтқаруға ұмтылған. Достарын құтқару үшін секіріп кеткендердің бірін оқиға куәгерлері алып шықты. Ол 26 жастағы Бейнеу қаласының тұрғыны. Қазір жағдайы қанағаттанарлық, дәрігерлердің қарауынан кейін үйіне шығарылды", - деді Бекболат Әбдіқадыров.

Реклама
Реклама

Оқиға орнында іздестіру жұмыстарын жүргізу барысында ТЖД күштері жағалаудан 1,5-2 метр қашықта Каспий теңізінің түбіне үш метрге тереңдеу жұмыстарын жүргізді. Сондай-ақ, оқиға орнында Төтенше жағдайлар департаментінің психологиялық қызметінің тобы жұмыс істеп, суға батқан жастардың жақындарына көмек көрсетті.

"Ауа райының қолайсыздығына қарамастан, құтқарушылар кәсіби және тиімді жұмыс істеді, аз уақыт ішінде суға батқан үш адамның да денесі табылып, судан шығарылды", - деді Бекболат Әбдіқадыров.

Оқиға орнынан алкоголь сусындары табылған.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная