Қайырымдылық акциялар өткізген: қарағандылықтарды алдаған алаяқтар әшкере болды

Дина Шарипханова Корреспондент
Қайырымдылық акциялар өткізген: қарағандылықтарды алдаған алаяқтар әшкере болды

ҚМА Қарағанды облысы бойынша департаменті "Takorp" қаржы пирамидасының құрылымдық бөлімшесін басқару дерегі бойынша тергеуді аяқтады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ҚМА Қарағанды облысы бойынша департаменті "Takorp" қаржы пирамидасының құрылымдық бөлімшесін басқару дерегі бойынша тергеуді аяқтады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Күдіктілер азаматтардың қаржысын инвестициялық жоба ретінде тарту схемасын ұйымдастырған. Олар 30-дан 50 мың АҚШ долларына дейін инвестиция салып, 100 пайыз кіріс кепілдендіріледі деп уәде берген.

"Пирамида интернет-платформа арқылы жұмыс істеген, онда алты бонус деңгейінен тұратын матрицалық жүйе ("VIP-1" – "VIP-6") қолданылған. Төлемдер USDT криптовалютасында есептеліп, салым көлеміне және рефералдық сілтемелер арқылы тартылған қатысушылар санына байланысты болған", - делінген хабарламада.

Реклама
Реклама

Заңдылық пен оң имидж құру үшін ұйымдастырушылар балалар үйлерінде қайырымдылық акцияларын өткізген.

"Нәтижесінде "Takorp" пирамидасына 117 қатысушы тартылылған. Сот санкциясымен 32 мың АҚШ долларына тең криптовалютаға тыйым салынды".

Екі күдіктінің қозғалысын шектеу және тәртіп сақтау туралы қолхатпен бұлтартпау шарасы қолданылғаны айтылды. Қылмыстық іс сотқа жолданған.

Қылмыстық процессуалдық кодекстің 201-бабына сәйкес басқа ақпарат жарияланбайды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Автор сұрағы
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама