ПОДЕЛИТЬСЯ
07 маусым 2024 | 10:59
KAZ Minerals Aktogay сұранысқа ие мамандарды даярлауға үлес қосуда
KAZ Minerals Aktogay ең озық технологиялар мен еңбек қауіпсіздігінің жоғары стандарттарын қолданады. Кәсіпорын жас мамандарға гранттар бөліп, қайта даярлау бағдарламаларын ұсынады.
KAZ Minerals сұранысқа ие мамандарды даярлауға ерекше мән береді. Кәсіпорын білім алу гранттарын бөліп, жас мамандарға ақылы тағылымдамадан өтуге мүмкіндік береді. Соның ішінде, Абай облысында мектеп бітірген түлектерге ерекше басымдық беріледі.
ПОДЕЛИТЬСЯ
KAZ Minerals Aktogay ең озық технологиялар мен еңбек қауіпсіздігінің жоғары стандарттарын қолданады. Кәсіпорын жас мамандарға гранттар бөліп, қайта даярлау бағдарламаларын ұсынады.
KAZ Minerals сұранысқа ие мамандарды даярлауға ерекше мән береді. Кәсіпорын білім алу гранттарын бөліп, жас мамандарға ақылы тағылымдамадан өтуге мүмкіндік береді. Соның ішінде, Абай облысында мектеп бітірген түлектерге ерекше басымдық беріледі.
Білім гранттарын ұсынатын әлеуметтік жобаның мақсаты – болашағынан зор үміт күттіретін жастарды даярлап, кәсіпорын қызмекерлерінің кәсіби біліктілігін жас мамандарды дамыту және қолдау арқылы арттыру.
"2018 жылдан бері 117 грант бөлінді. Бүгінде 50 тәлімгер кәсіпорында жұмыс жасауда. Биыл да грант иелері бағдарлама арқылы конкурстық ірітеуге қатысады", - деді қызметкерлерді дамыту бөлімінің басшысы Дархан Ербасынов. Грант оқу ақысын, жатын орнын және стипендияны өтейді. Юлия Шевченко грантпен білім алып, бүгінде тағылымдамадан өтіп жүр.
"Колледжде біліп алып жүргенімде, KAZ Minerals маған грант ұсынды. Олар бізге кабинет дайындап, қажетті құрал-жабдықтармен қамтасыз етті. Мен тәжірибеден өтіп жүрдім. "Тағылымдама" бағдарламасы жұмыс табуда тиімді мүмкіндік. Тәжірибесіз ешбір компанияға орналса алмайсың, ал мұнда дипломымды алмай жатып, іріктеуден өттім", - дейді Юлия Шевченко.
Биыл қосымша 23 грант бөлінеді. Әрі 2023 жылы кәсіпорынға көршілес ауыл тұрғындарын қайта оқыту бағдарламасы іске қосылды.
"Талапкерлер үш айдың ішінде Семейдегі колледжден жаңа мамандықты игере алады. Кейін олар ақылы тағылымдамадан өтеді. Әр талапкерге бір тәлімгер тағайындалады. 2023 жылы алғашқы бес адам осылай білім алып, қазір тәжірибден өтуде. Тәлімгерлер мамандардың алдағы уақытта да кәсіпорында қызмет етуге ниетті екенін жіткізді. Осы жылы Ақтоғай және Қопа ауылдарының 9 тұрғыны оқып жатыр", - дейді еңбек қатынастары бөлімінің басшысы Алмас Дәнібек.
Рашид Калинуров қайта оқыту бағдарламасы бойынша талапкер болып орналасты. Бұған дейін құрылысшы қызметін атқарған, енді кәсіпорынға тұрақты қызметке ауысқысы келеді.
"Мен бақылау-өлшеу құрылғыларын бөлшектеу, құрастыру, орнату және қосумен айналысамын. Мұнда тәжірибеден өтіп, қызметті одан әрі жалғастыруға толық мүмкіндік жасалған. Әріптестерім көптеген мәселелерде көмегін аямайды", - деді Рашид Калинуров.
Кәсіпорында барлық жағдай жасалған: оқыту орталықтары жұмыс істейді, тәжірибені бірінші симуляторларда жасап көріп, кейін өндіріс жағдайында жетілдіреді. Қайта даярлаудан өтіп қана қоймай, қосымша дағдыларды игеруге болады.
Фото Tengrinews.kz
Показать комментарии
Читайте также