ПОДЕЛИТЬСЯ
23 қыркүйек 2024 | 15:24
KAZ Minerals Тобы Семейге жаңа мектеп сыйлады
Семей қаласында 1200 орындық жаңа IT-мектеп-лицейінің ашылу салтанаты өтті. Оның құрылысына KAZ Minerals Тобы 9 миллиардтан астам теңге бөлген болатын. Жобаның ауқымдылығы таң қаларлық дәрежеде. Ғимарат өте қысқа мерзімде тұрғызылды.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Семей қаласында 1200 орындық жаңа IT-мектеп-лицейінің ашылу салтанаты өтті. Оның құрылысына KAZ Minerals Тобы 9 миллиардтан астам теңге бөлген болатын. Жобаның ауқымдылығы таң қаларлық дәрежеде. Ғимарат өте қысқа мерзімде тұрғызылды.
"Ғимараттың іргетасы түсетін шұңқыр қазылғаннан заманауи оқу кабинеттері жасақталғанға дейін арада тынымсыз еңбектендік. Мердігер компания және жергілікті билік органдарымен өзара тиімді әріптестік құру арқылы біз жобаны өте қысқа мерзімде жүзеге асырдық. Біз үшін оқушылардың қолайлы, әрі қауіпсіз мектепте оқығаны маңызды", - деп мәлімдеді KAZ Minerals Management Басқарма төрағасы Эльдар Мамедов.
Абай облысының әкімі Нұрлан Ұранхаев пен Семейдің әкімі Нұрбол Нұрсағатов мектепте қонақ болды.
Ғимаратта заманауи информатика мен робототехника кабинеттері, ауқымды мәжіліс залы, асхана, спорт залдары мен ашық алаңдар бар. Шәкірттердің сабақтан тыс әңгімелесіп, шығармашылықпен айналысуы үшін нетворкинг аймағы қарастырылған. Қазір мектепте оқығысы келетіндер саны 1400-ден асады.
"Біз 1415 оқушыны қабылдадық. Оларды екі ауысымда оқыту жоспарлануда. Мектепке дейінгі білім беретін екі шағын топ жасақтау ойда бар. Оларды оқытуға арналған төрт кабинет қарастырылған. Қалаға осы мектепті сыйлаған KAZ Minerals компаниясына алғысымыз шексіз", - дейді мектеп директорының міндетін атқарушы Нартай Чултуков.
Мектепте 100 шақты мұғалім мен техникалық қызметкер жұмыс істейтін болады, ал бұл семейліктер үшін жаңа жұмыс орны деген сөз. Балалары жаңа білім ордасына 5 және 30 мектептен ауысып келген Мәдина Намазақованың қуанышында шек жоқ.
"Мектептің қос тілді болуы мені қуантады. Себебі менің балаларым орыс және қазақ тілдерінде оқиды. Кіші қызым екінші, үлкен қызым бесінші сыныпта. Біздің ауданда негізгі пәндерден бөлек IT саласын тереңдетіп оқытатын мектептің ашылғанына ризамыз. Жұбайым екеуміз бірден балаларды осы мектепке ауыстыруды шештік. Мектепте қауіпсіздікке баса көңіл бөлінгені, бейнебақылау мен арнайы өткізу жүйесінің орнатылғаны маңызды", - дейді Мәдина Намазақова.
Мектеп құрылысы – KAZ Minerals Тобының ұзақ мерзімді басым мақсаттарын жүзеге асырудағы жаңа кезең саналады. Компания соңғы жылдары аймақтағы жоғары және орта білім беру мекемелерімен әріптестік орнату арқылы отандық білім беру саласына қолдау көрсетіп келеді. Жыл сайын талантты түлектерге гранттар бөлініп, компанияның кәсіпорындарында жалақысы төленетін кәсіби тәжірибеден өтуге мүмкіндік беріледі және жергілікті тұрғындарды жаңа кәсіпке баулу бағдарламалары жүзеге асырылуда. Жаңа мектептің ашылуы арқылы бұл процесс орта білім беру саласын да қамтыды деуге негіз бар.
Жарнамалық материал
Показать комментарии
Читайте также