01 қыркүйек 2020 | 12:42

"ҚазАгро" мен "Бәйтерек" бірігіп, жұмыс орны 50 пайызға қысқарады

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев "Бәйтерек" холдингі мен "ҚазАгро" холдингіндегі штатты 50 пайызға қысқарып, екеуін біріктіруді тапсырды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев "Бәйтерек" холдингі мен "ҚазАгро" холдингіндегі штатты 50 пайызға қысқарып, екеуін біріктіруді тапсырды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Бұл туралы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Парламент палаталарының бірлескен отырысында Қазақстан халқына жолдауында айтты

Реклама
Реклама

"Квазимемлекеттік секторда әкімшілік қызметте жүрген адамдарды, пайдасыз шығындарды, артық үлестік компанияларды қысқарту жөніндегі жұмыс жалғастырылуы керек. Мен "Бәйтерек" және "ҚазАгро"холдингтерінің рөліне жеке тоқталғым келеді. Бұл компаниялар индустрияландыру мен агроөнеркәсіптік кешенді дамытуға елеулі үлес қосып, осы салалардағы институттардың жұмысын ретке келтірді", - деді Мемлекет басшысы Қазақстан халқына Жолдауында.

"Институционалдық қалыптасудың өзгеруі - уақыт талабы. Сондықтан осы екі холдингті біріктіріп, неғұрлым кең қаржылық мүмкіндіктері бар жаңа даму институтын құрған жөн. Компания портфелін екі есеге, ал штатты 50 пайызға қысқарту керек", - деп тапсырды Президент.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная