24 мамыр 2022 07:39

Қазақ-қырғыз шекарасында 200 жүк көлігі өте алмай тұр

Гүлнара Досымшалова Корреспондент
"Хабар 24"

Кең-Булун бекеті арқылы Қырғызстаннан Қазақстанға өте алмай тұрған жүк көліктерінің саны 200-ге жетті, - деп хабарлайды "Хабар 24" арнасы.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Кең-Булун бекеті арқылы Қырғызстаннан Қазақстанға өте алмай тұрған жүк көліктерінің саны 200-ге жетті, - деп хабарлайды "Хабар 24" арнасы.

Телеарна мәліметінше, көлік кептелісіне не себеп болғанын әзірге ешкім түсіндірмеген. Әдетте тауар немесе азық-түлік тиелген жүк көліктеріне шекарадан өту қиын екені ғана айтылған.

Қырғызстаннан Қазақстанға бос ауыр жүк көліктері тек Кең-Булун бекеті арқылы кіре алады.

Реклама
Реклама

"Мұнда тұрғанымызға екі күн болды. Көліктердің барлығы бос, ешбір жүгі жоқ. Қазақстан аумағына кіргізуін күтіп тұрмыз, өйткені бізге сол жақта жүк тиеп, контейнерлерімізді қалдыру керек", - дейді көлік жүргізуші Талғат Аскеев.

"Қырғыз тарапы Жаңа жылдан кейін тауарларды тек электронды құжатпен жіберуге міндеттеме алған. Алайда бұл шартты орындап жатқан жоқпыз. Электронды құжаты жоқ кез келген көлікті қазақстандықтар бақылайды. Сондай көлік көп екенін көріп тұрсыз, сондықтан 200, 300 көлік шекарада тұрып қалды", - дейді Қырғызстан тасмылдаушылар мен логистер қауымдастығының төрағасы Темир Шабданалиев.

Кезекті азайту үшін логистер бақылаушы органдарға электронды және өзге де құжаттарды шекараға жетпей Қырғызстан аумағында тексеруді ұсынады. Ал құжаттары дұрыс рәсімделген көлік жүрізушілері шекарадан кедергісіз өтеді. 

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram