“Қазақ мемлекеттігінің “ғимаратына“ күрделі жөндеу жүргізуді көздеп отырмыз“ - Президент

“Қазақ мемлекеттігінің “ғимаратына“ күрделі жөндеу жүргізуді көздеп отырмыз“ - Президент Фото: Ақорданың баспасөз қызметі

Қазақстан мемлекеттік басқаруды ауқымды реформалауға кірісті. Бұл туралы Парламент палаталарының бірлескен отырысында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев айтты. Ол алдағы өзгерістерді "мемлекет іргетасын түбегейлі қайта құру" деп атады, деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Қазақстан мемлекеттік басқаруды ауқымды реформалауға кірісті. Бұл туралы Парламент палаталарының бірлескен отырысында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев айтты. Ол алдағы өзгерістерді "мемлекет іргетасын түбегейлі қайта құру" деп атады, деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Мемлекет басшысы алдағы екі жылда әлемдік қоғамдастық, соның ішінде жекелеген мемлекеттер экономикалық жоспарларды іске асыруда айтарлықтай қиындықтарға тап болуы мүмкін екенін атап өтті. Алайда, оның айтуынша, "салғырттық танытып, дүрбелеңге бой алдыруға" болмайды.

"Үкімет елдің орнықты дамуын қамтамасыз ету үшін барынша белсенді және ширақ жұмыс істеуге тиіс. Инфляцияны тежеп, оны мейлінше төмен деңгейге жеткізген жөн, сондай-ақ экономиканың қарқынын төмендетпей, керісінше, оның көрсеткіштерін ұлғайту қажет", - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Жарнама
Жарнама

Президент елде мемлекеттік басқаруды реформалау бойынша түбегейлі жұмыстардың ресми түрде басталатынын атап өтті.

"Бәріңізге белгілі, ертең мемлекеттік басқару жүйесін түбегейлі жаңғырту жұмысы ресми түрде бастау алады. Мұны кезекті әкімшілік реформа деп түсінуге болмайды.

Себебі, бұл – еліміз үшін мүлде жаңа тарихи кезең басталады, яғни мақсаты да, мағынасы да мүлде бөлек, бұрын-соңды болмаған өзгерістер іске асады деген сөз.

Басқаша айтсақ, біз қазақ мемлекеттігінің "ғимаратына" күрделі жөндеу жүргізуді көздеп отырмыз.

Біз ел Тәуелсіздігінің мызғымас тұғыры мен іргетасын көздің қарашығындай сақтап, мемлекеттік басқару жүйесін жетілдіре түсуге міндеттеміз.

Бұл – аса маңызды міндет. Оған мемлекеттік қызметте, академиялық институтта, ғылыми және саяси зерттеулер орталықтарында, үкіметтік емес секторда, халықаралық ұйымдарда қызмет ететін, осы іске қатысы бар азаматтардың барлығы атсалысуы қажет", - деді Президент.

Мән-жайы

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев күшейе түскен қауіптер мен сын-қатерлер аясында Қазақстанға батыл іс-қимылдар қажет екенін мәлімдеді.

"Біздің басты мақсатымыз - азаматтардың әл-ауқатын арттыру, олардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және өмір сүру сапасын жақсарту арқылы бұл оң үрдісті қайтымсыз ету. Сондықтан біздің қол қусырып отыруға құқығымыз жоқ", - деді Тоқаев.

Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
Жолдау
Пікірлер редакция тарапынан модерациядан өтеді
Пікірлерді оқу

Жарнама
Жарнама