Қазақ музыкасының жаңа толқынын қолдауға бағытталған радио іске қосылды

Қазақ музыкасының жаңа толқынын қолдауға бағытталған радио іске қосылды

Республика күні қарсаңында Қазақстанда жаңа радио өз жұмысын бастады. Онда тек қазіргі заманғы қазақ музыкасы қосылып тұратын болады. Станция ((beu)) Астанада - 100 FM және Алматыда 97.7 жиілікте хабар таратады.

Эфирде Q-поп, инди және R ' n ' B-ден бастап эксперименталды музыкаға дейін, яғни, әртістердің жаңа буыны жұмыс істейтін жанрлар көп болады.

Жобаның басты идеясы ((beu)) - жас музыкалық қоғамдастықты қолдау, дамыту және көрермендерге қазақстандық сахнаның өскенін көрсету. Радиодада берілетін әндер, подкасттар мен шоулардың 90 пайызы қазақ тілінде болады. Өйткені, соңғы жылдары мемлекеттік тілде жоғары сапалы танымал музыканы жасайтын музыканттардың саны көбейді. Ал олардың аудиториясы күн санап артып келеді, оған дәлел - елімізде өтіп жатқан көптеген концерттер мен фестивальдердің де санының артуы.

Реклама
Реклама

Естеріңізге сала кетейік, ((beu)) - таңданудың эмоционалды белгісі. Жақшалар радио толқындарының таралуын білдіреді.

Радио тұжырымдамасы туралы толығырақ ақпарат 27 қыркүйекте Astana Media Week аясында ұсынылады. Ресми тұсаукесер Алматыда 3 қарашаға жоспарланған.

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама