04 қыркүйек 2024 | 10:06

Қазақ тіліндегі бірыңғай емле ережелері: комиссия туралы дерек шықты

Фото ©️ Турар Казангапов

Ашық НҚА порталында республикалық орфографиялық комиссия туралы бұйрық пайда болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Ашық НҚА порталында республикалық орфографиялық комиссия туралы бұйрық пайда болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Құжатқа сәйкес, Республикалық орфография комиссиясы Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі жанындағы консультациялық-кеңесші орган қызметін атқарады.

Комиссияның қызметі қандай?

Реклама
Реклама
  • сөзжасамда, оның ішінде шеттілдік сөздерді игеріп жазуда фонетикалық, морфологиялық, дәстүрлі-тарихи принциптерді сақтау;
  • қазіргі кезеңге дейін жазу тәжірибесінде қалыптасқан базалық нормаларды сақтау;
  • қазақ тілінің үндестік заңын сақтау;
  • сөздерді жазуда бірізділікті сақтау;
  • тыныс белгілерін қоюда бірізділікті сақтау;
  • сөздердің жазылуын ықшамдау;
  • сөздік қордың көлемін кеңейту, жаңартып, жетілдіріп отыру;
  • жиі қолданылатын (актив лексика) және қолданыстан шығып бара жатқан (пассив лексика) сөздерді саралау принциптерін ұстанады.

Комиссия қандай міндет атқарады?

  • қазақ тілінің дұрыс жазу ережесiн, сөзжасам тәсілдерінің бірізділігін қалыптастыру бойынша ұсыныстар мен ұсынымдарды әзірлеу;
  • қазақ тілінің емле ережесінің жобасын тілдерді дамыту саласындағы уәкілетті органға бекітуге ұсыну;
  • қазақ тілінің сөздіктерін құрастыруға және басып шығару кезеңділігіне қойылатын талаптарды әзірлеу;
  • қазақ тілінің сөздіктері мен анықтамалықтарының тізімін қалыптастыру бойынша ұсыныстар әзірлеу;
  • қазақ тілі сөздіктерінің, анықтамалық құралдардың жобаларын келіп түскен жағдайда орфография нормаларына сәйкестігі тұрғысынан қарау;
  • бiр графикалық жүйедегi мәтiндер мен жекелеген сөздердi басқа графикалық жүйенiң құралдарымен әрiппе-әріп арқылы беру мәселелері бойынша ұсыныстарды тұжырымдау;
  • Комиссия жұмысын бұқаралық ақпарат құралдарында, интернет және әлеуметтік желілерде ақпараттық сүйемелдеу.

Республикалық орфография комиссиясының құрамына кімдер кіреді?

  • Төраға: Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім вице-министрі;
  • Төрағаның орынбасары: Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі Тіл саясаты комитетінің төрағасы;
  • Хатшы: Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім министрлігі Тіл саясаты комитеті
  • Лингвистикалық жұмыс басқармасының басшысы;
  • Аитова Нұрлыхан Нұруллақызы - М.С. Нәрікбаев атындағы Қазақ гуманитарлық заң университеті акционерлік қоғамының доценті, филология ғылымдарының кандидаты (келісім бойынша);
  • Алдаш Айманкүл Мырзалықызы - А. Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институты шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының ғылыми қызметкері, филология ғылымдарының докторы;
  • Базарбаева Зейнеп Мүсілімқызы - А. Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институты шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының бас ғылыми қызметкері, Қазақстан
  • Республикасының Ұлттық ғылым академиясының академигі, филология ғылымдарының докторы;
  • Ерғалиев Қуаныш Советұлы- Әлкей Марғұлан атындағы Павлодар педагогикалық университеті коммерциялық емес акционерлік қоғамының профессоры, филология ғылымдарының кандидаты;
  • Ермекова Тыныштық Нұрдәулетқызы - Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті коммерциялық емес акционерлік қоғамының профессоры, филология ғылымдарының докторы;
  • Жақыпов Жантас Алтайұлы - "Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті" коммерциялық емес акционерлік қоғамының профессоры, филология ғылымдарының докторы;
  • Жалмаханов Шапағат Шарапатұлы - Академик Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды университеті коммерциялық емес акционерлік қоғамының профессоры, филология ғылымдарының докторы;
  • Жұбаева Орынай Сағынғалиқызы - әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті коммерциялық емес акционерлік қоғамының профессоры, филология ғылымдарының докторы;
  • Қалыбаева Қаламқас Сейдуллақызы - Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті коммерциялық емес акционерлік қоғамының профессоры, филология ғылымдарының докторы;
  • Қапалбек Бижомарт Сейсенбекұлы - Мемлекеттік тілді дамыту институты жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің атқарушы директоры (келісім бойынша);
  • Күдеринова Құралай Бимолдақызы - А. Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институты шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны директорының орынбасары, филология ғылымдарының докторы;
  • Қарымбаева Күлзинат Мейрамбайқызы - М.Х. Дулати атындағы Тараз университеті коммерциялық емес акционерлік қоғамының Журналистика және филология кафедрасының меңгерушісі, филология ғылымдарының кандидаты;
  • Маралбек Ермұхамет - А. Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институты шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны Ахметтану бөлімінің басшысы, "Лингвистика" мамандығы бойынша философия докторы (PhD);
  • Момынова Бағдан Қатайқызы - А. Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институты шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының бас ғылыми қызметкері, филология ғылымдарының докторы;
  • Нұрдәулетова Бибайша Ілиясқызы - Ш. Есенов атындағы Каспий технологиялар және инжиниринг университеті коммерциялық емес акционерлік қоғамының профессоры, филология ғылымдарының докторы;
  • Оспанова Дана Жаңабекқызы - Шайсұлтан Шаяхметов атындағы "Тіл-Қазына ұлттық ғылыми-практикалық орталығы" коммерциялық емес акционерлік қоғамының "Терминология" бөлімі басшысының міндетін атқарушы, "Филология" мамандығы бойынша философия докторы (PhD);
  • Оспанов Еділбай Төлеубайұлы - Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті коммерциялық емес акционерлік қоғамының "С. Қирабаев атындағы қазақ әдебиеті және оқыту әдістемесі" кафедрасының меңгерушісі, филология ғылымдарының кандидаты;
  • Салқынбай Анар Бекмырзақызы - әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті коммерциялық емес акционерлік қоғамының профессоры, филология ғылымдарының докторы;
  • Сәрсенбай Жанат Асылханқызы - "Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті коммерциялық емес акционерлік қоғамының аға оқытушысы, "Қазақ филологиясы" мамандығы бойынша философия докторы (PhD);
  • Таласпаева Жанар Серкешқызы - Манаш Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университеті коммерциялық емес акционерлік қоғамының профессоры, филология ғылымдарының кандидаты;
  • Фазылжанова Анар Мұратқызы - А. Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институты шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының директоры, филология ғылымдарының кандидаты.

Құжат 17 қыркүйекке дейін талқылауда болады.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная