28 шілде 2021 11:29

"Қазақ тойына баруды армандаймын". Америкалық қыз қазақ тілін қалай үйренгенін айтты

ПОДЕЛИТЬСЯ

АҚШ-тың 14 жастағы Кэмерон есімді тұрғыны қазақ тілін үйреніп, Айбала есімін алды. Кэмерон қазақ мәдениетімен алғаш рет қашан танысқанын, неліктен тілді үйренгісі келгені туралы Tengrinews.kz тілшісіне берген сұхбатында айтып берді.


АҚШ-тың 14 жастағы Кэмерон есімді тұрғыны қазақ тілін үйреніп, Айбала есімін алды. Кэмерон қазақ мәдениетімен алғаш рет қашан танысқанын, неліктен тілді үйренгісі келгені туралы Tengrinews.kz тілшісіне берген сұхбатында айтып берді.

Кэмерон 2019 жылы қазақстандық Раушан және Арай есімді қыздармен онлайн-платформадағы курс кезінде танысқан. Қыздар Кэмеронмен достасып, оған қазақ тілін үйренуге көмектескен.

"Қазақ тіліндегі ең сүйікті сөз тіркесім - "қыз бала" болғандықтан, өзіме Айбала есімін таңдадым. Ал тегімді Димаш Құдайбергеннің құрметіне "Құдайбергенқызы" деп атадым", - дейді ол.

14 жасар Кэмерон әлемнің 27 тілінде сөйлейді. Ол тілдерді тез үйренеу қабілеті барын 9 жасында байқаған. Сол кездің өзінде көптеген тілде еркін сөйлей алатын. Соған қарамастан қыздың туыстары тек ана тілінде сөйлей алады екен.

"Жаңадан тіл үйреніп жүргендерге айтар кеңесім, тілді үйреніп бастағанда сол елдің азаматтарымен көбірек сөйлесіңдер. Қазақ тілін үйренгенде мен үшін сөздерді айту, грамматика ең қиыны болды", - деді ол.

Енді Кэмерон Қазақстанға келуді армандайды және достарынан шақырту да алған.

"Мен қазақ тойына баруды армандаймын. Сондай-ақ, атқа мініп, тауға шығып, Қазақстанның таңғажайып табиғатын көргім келеді", - деді Кэмерон.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 441.41   490.7   4.75 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети