ПОДЕЛИТЬСЯ
- Басты
- 27 желтоқсан 2023 09:52
"Қазақмыс" кенішінде жұмысшы қаза тапты
"Қазақмыс" компаниялар тобы 2023 жылы 26 желтоқсанда Ұлытау ауданындағы "Жыланды" кенішінде болған қайғылы оқиға туралы хабарлады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
"Сағат 18:30-да "Шығыс Сары-Оба" шахтасы учаскелерінің бірінде жерасты өздігінен жүретін машинаны жұмыс орнына алып бара жатып, жүргізуші абайсызда 1992 жылы туған жүргізушіні қағып кеткен. Нәтижесінде қызметкер ауыр дене жарақатын алып, қаза болды. Апаттың мән-жайы мен себептерін арнайы комиссия анықтап жатыр", - делінген компания таратқан хабарламада.
"Қазақмыс" компаниясының басшылығы мен еңбек ұжымы марқұмның отбасы мен жақындарына көңіл айтты.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
Пікірлер редакция тарапынан модерациядан өтеді
Пікірлерді оқу