“Қазақмыс” нысандарынан ірі көлемде ұрлық жасады деген күдіктілер ұсталды

“Қазақмыс” нысандарынан ірі көлемде ұрлық жасады деген күдіктілер ұсталды polisia.kz

Ұлытау облысында былтырдан бері полиция "Қазақмыс корпорациясы" ЖШС аумағынан ұрлық жасауға қатысы бар бірнеше қылмыстық топтың қызметін тоқтатты. Бұл туралы ІІМ Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес департаментінің өкілі Қуандық Алпыс мәлімдеді, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Polisia.kz порталына сілтеме жасап.

Ұлытау облысында былтырдан бері полиция "Қазақмыс корпорациясы" ЖШС аумағынан ұрлық жасауға қатысы бар бірнеше қылмыстық топтың қызметін тоқтатты. Бұл туралы ІІМ Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес департаментінің өкілі Қуандық Алпыс мәлімдеді, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Polisia.kz порталына сілтеме жасап.

Полиция ақпаратынша, қабылданған шаралардың нәтижесінде келтірілген шығынның 94,5 пайызы өтелген. Мәселен, жергілікті қылмыс әлемі өкілдерінің басшылығымен құрамында бағалы металдардың мөлшері жоғары кен қорытпаларын ұрлау схемасын ұйымдастырған қылмыстық топтың мүшелері сотталған.

Тек биылдың өзінде полицейлер ірі көлемде шығын келтірілген төрт ұрлықты ашқан. 7 мамырда компания аумағынан жанармай ұрлауға байланысты заңсыз әрекеттің жолы кесілген.

Жарнама
Жарнама

Жедел іс-шаралар барысында жанар-жағармай материалдарын ұрлауды және оны одан әрі өткізуді ұйымдастырды деген күдікпен бірнеше адам ұсталған. Бір тоннадан астам жанармай, ірі көлемдегі ақша қаражаты, көлік құралдары, оқ-дәрілері бар қару және қылмыстық схемада пайдаланылған өзге де заттай айғақтар тәркіленген.

Тергеу барысында ұрлықтың арнайы техникаға жалған жанармай құю және құжаттарды қолдан жасау арқылы жүзеге асырылғаны анықталған. Сонымен қатар күзет құрылымдарының жекелеген қызметкерлері тарапынан көмек көрсету фактілері әшкереленді.

Қазіргі уақытта кешенді жедел-тергеу іс-шаралары жүргізіліп, қаржы-шаруашылық құжаттамаларына талдау жасалып, келтірілген шығын көлемі анықталып жатыр.

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
Жолдау
Пікірлер редакция тарапынан модерациядан өтеді
Пікірлерді оқу

Жарнама
Жарнама