“Қазақпыз дегенде жылап жібердік…“ Ақтаудағы ұшақ апатынан аман қалған қырғыз

видео кадры

Ақтауда апатқа ұшыраған Azerbaijan Airlines әуекомпаниясының жолаушыларының бірі, Қырғызстан азаматы болған оқиғаға қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Ақтауда апатқа ұшыраған Azerbaijan Airlines әуекомпаниясының жолаушыларының бірі, Қырғызстан азаматы болған оқиғаға қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

24.kz телеарнасының мәліметі бойынша ер адамның аты - Эрлан Жүнісәлиев. Оның денесінде сынған, көгерген жерлер бар.

Жәбірленуші ұшақ апатынан кейін оқиға орнына қазақстандық құтқарушылар келгенін айтты. Ол кезде жолаушылар ұшақ қай жерге құлағанын білмеген.

Реклама
Реклама

"Қатты соққы болды. Есімнен танып қалдым, сондықтан құтқарушылар қашан келгенін түсінбеді", - деді қырғызстандық.

Оның айтуынша, ұшақ аударылып кеткен, сондықтан жолаушылар шалқасынан жатқан. Құтқарушылар зардап шеккендердің қауіпсіздік белдіктерін босатып, шығарып алған.

"Бізді шығарғаннан кейін "кімсіздер?" деп сұрадық. "Қазақпыз" дегенде жылап жібердік. Біз басқа елдеміз деп ойладық", - деді ер адам.

Еске салайық, 25 желтоқсанда Ақтау маңында Бакуден Грозныйға ұшып бара жатқан ұшақ апатқа ұшырады. Бұл - Azerbaijan Airlines әуекомпаниясына тиесілі Эмбраер 190 ұшағы. Алдын ала ақпарат бойынша ұшақ бортында 67 адам, оның ішінде 5 экипаж мүшесі болған.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама