15 шілде 2022 | 15:20

Қазақстан 2022 жылы коронавирусқа қарсы күреске қанша қаражат жұмсайды?

Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният Қазақстанда биыл індетке қарсы күреске бөлінген қаражат көлемін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният Қазақстанда биыл індетке қарсы күреске бөлінген қаражат көлемін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Коронавирус инфекциясымен күресу үшін биылға 100 миллиард теңге бөлу жоспарланып отыр. Бұл вакцина сатып алуға, науқастарды емдеуге, аса қауіпті жағдайда жұмыс істейтін медицина қызметкерлері алатын жәрдемақыға кетеді. Салыстырмалы түрде былтырғыға қарағанда, бұл (бюджет) алты есе аз. Ауруханаларда науқастар аз, биыл екінші толқын басталды", - деді министр ОКҚ брифингінде.

Министрдің айтуынша, бұл сома толық жетеді. Жетпеген жағдайда бюджетті қайта қарауға әрқашан мүмкіндік бар екенін айтты.

Реклама
Реклама

Мамырдың ортасында өткен брифингтердің бірінде Денсаулық сақтау министрлігінің басшысы 2020 жылы COVID-19-бен күресуге бюджеттен 252 миллиард теңге жұмсалғанын, ал 2021 жылы бұл мақсаттарға 556 миллиард теңге жұмсалғанын айтты.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная