10 қараша 2022 | 14:42

Қазақстан 2023 жылдан бастап Әзербайжан арқылы мұнай экспорттай бастайды

Дина Шарипханова Корреспондент
Фото:facebook.com/batumiport

Премьер-министр Әлихан Смайылов Қазақстанда мұнайды әртараптандыру қалай жоспарланып отырғаны туралы айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Премьер-министр Әлихан Смайылов Қазақстанда мұнайды әртараптандыру қалай жоспарланып отырғаны туралы айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Үкімет басшысы мұнай экспортын әртараптандыру үшін арнайы жол картасы әзірленгенін айтты.

"Атап айтқанда, бұл бағыт Ақтау порты арқылы Баку портына және сол жерден Баку - Тбилиси - Джейхан бағытында - мұнай құбыры. Сондай-ақ, Баку - Супса, бұл Грузияда және Баку-Батуми, біздің терминал бар портта. Бұл бағыттар, оған қоса Атыраудан Батумиге және Өзбекстанға теміржол бағыттары бар. Сондай-ақ, ҚХР бағыты бар", - деді Смайылов.

Реклама
Реклама

Сондай-ақ, премьер-министр 2023 жылдың 1 қаңтарынан бастап Баку-Тбилиси-Джейхан мұнай құбыры арқылы 1,5 миллион тонна қазақстандық мұнайды тасымалдау туралы келісім бар екенін айтты. Сонымен қатар, одан әрі 6-6,5 миллион тоннаға дейін арттыру пысықталып жатыр.

Сонымен қатар, Смайылов "Теңізшевройл" компаниясы вагон-цистерналар санын екі есеге арттырып, Батуми мен Өзбекстанға теміржол арқылы пилоттық жөнелтулерді бастағанын атап өтті.

"Яғни, барлық бағыт бойынша жер қойнауын пайдаланушылармен және көрші елдердегі әріптестерімізбен бірлесіп тиісті жұмыстар жүргізіп жатырмыз. Айтпақшы, олардың тарапынан бұл мәселеде толық түсінік пен қолдау бар, олар өздерінің транзиттік мүмкіндіктерін ұсынуға дайын және осы мәселелер бойынша Қазақстанмен ынтымақтасуға дайын", - деді премьер-министр.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная