ПОДЕЛИТЬСЯ
23 тамыз 2024 | 11:15
Қазақстан 4 адамды халықаралық іздестіруге жариялады
Қазақстанның қаржы мониторингі агенттігі халықаралық іздестіруге төрт адамды жариялады, олардың екеуі - шетелдіктер, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Қазақстанның қаржы мониторингі агенттігі халықаралық іздестіруге төрт адамды жариялады, олардың екеуі - шетелдіктер, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Қаржы мониторингі агенттігі халықаралық іздеуге төрт адамды жариялады:
- Ресей азаматы Черных Сергей Владимирович 1993 жылы туған;
- 1999 жылы туған Украина азаматы Юдин Марин;
- Қазақстан азаматы Нестеренко Павел Игоревич 1998 жылы туған;
- Қазақстан азаматы Тұрсын Бегдатқызы Мұсалиева 1996 жылы туған.
Олар зорлық-зомбылық жасады, азаматтарды заңсыз бас бостандығынан айырды, сондай-ақ 1WIN онлайн-казино ұйымдастырды және оларға басшылық жасады деп күдіктенеді. Осы қызметтен түскен қылмыстық табыс 3,8 миллиард теңгеге бағаланды.
"Егер сіз іздеуде жүрген адамның орналасқан жері туралы қандай да бір ақпаратты білсеңіз, +7-701-577-56-83-адамдарды іздестіру бойынша, +7-701-121-47-65 - адамдарды іздестіру бойынша, +7-727-279-20-86 - кезекші бөлім телефондары арқылы хабарлауды сұраймыз. Сыйақы мен анонимділікке кепілдік беріледі", - делінген АФМ хабарламасында.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также