01 наурыз 2022 | 22:14

Қазақстан әскери іс-қимылдарға қатысу үшін әскер жібермейді. Министрлік ақпаратты жоққа шығарды

Фото: Тұрар Қазанғапов

Мессенджерлерде Қазақстан елдің батысы мен солтүстігіне әскер тартып, Украинаға қарсы соғысқа қатысатыны туралы ақпарат тарады. Бұған әскери техниканың Қазақстан ішіндегі қозғалысы дәлел ретінде ұсынылып отыр, - деп хабарлайды Stopfake.kz.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Мессенджерлерде Қазақстан елдің батысы мен солтүстігіне әскер тартып, Украинаға қарсы соғысқа қатысатыны туралы ақпарат тарады. Бұған әскери техниканың Қазақстан ішіндегі қозғалысы дәлел ретінде ұсынылып отыр, - деп хабарлайды Stopfake.kz.

Портал мәліметінше, Қорғаныс министрлігі бұл ақпаратты жоққа шығарды. 

Ведомство мәліметінше, таратылған видеода әскери техникалардың әскерлердің жауынгерлік даярлық шеңберіндегі қозғалысы көрсетілген. Бұл - жоспарлы іс-шара.

Реклама
Реклама

"Қорғаныс министрлігі Әскери колледжінің оқушыларына практикалық сабақтар өткізу үшін Семей гарнизонынан Щучинск қаласына әскери техника жөнелтілді. 25 ақпан мен 3 наурыз аралығында Қарағандыдан Гвардейск гарнизонына, сондай-ақ Алматыдан Ақтау гарнизонына әскери техника жіберілді. 1-4 наурыз аралығында Шымкенттен Таразға, Түркістанға, "Айша-бибі" полигонына және кері бағытта Қарулы күштерге тиесілі техникалардың қозғалысы жоспарланып отыр. Аталған кезеңде жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін әскери техникаларды темір жол көлігімен Батыс Қазақстаннан елдің оңтүстік бөлігіне жоспарлы түрде жеткізу іске асырылу үстінде", - делінген ҚР Қорғаныс министрлігінің ресми Telegram-арнасында.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная