16 қыркүйек 2022 | 12:04

Қазақстан астанасы атауы қашан ресми түрде өзгертіледі?

Дина Шарипханова Корреспондент
Фото: Tengrinews.kz/Тұрар Қазанғапов

Қазақстан астанасы атауы ресми түрде қашан өзгертілетіні туралы сұраққа әділет министрі Қанат Мусин жауап берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Қазақстан астанасы атауы ресми түрде қашан өзгертілетіні туралы сұраққа әділет министрі Қанат Мусин жауап берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Конституцияға өзгерістер енгізілді, енді Президент Астананы қайта атау туралы Жарлықты қабылдайды және осымен өзгерту ресми түрде аяқталады", - деді Мусин Парламент палаталарының бірлескен отырысынан кейін журналистер сұрағына жауап беріп.

Нақты уақыты туралы сұраққа министр шешімді Мемлекет басшысы қабылдайтынын айтты.

Реклама
Реклама

"Мен айта алмаймын, шешімді Президент қабылдайды. Менің ойымша, Конституцияға түзетулер ресми күшіне енгеннен кейін, өзгеріс болады", - деп түсіндірді ол.

Сонымен қатар, Мусиннің айтуынша, заңда астананың атын кейін өзгертуге кедергілер қарастырылмаған.

Бұған дейін Сенат пен Мәжіліс депутаттары елорда атауын өзгертуге дауыс берген болатын. Елорда атауын Астана деп өзгерту "Конституцияға өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заң жобасына енгізілген.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная