07 ақпан 2022 | 10:48

Қазақстан ауасы ластанған елдер рейтингіне енді

Дина Шарипханова Корреспондент
Фото ©️ Tengrinews.kz/Тұрар Қазанғапов

Қалалардың ластануы бойынша ең нашар елдер рейтингінде Қазақстан 115 елдің ішінде 33-орынды иеленді. Алайда қоршаған ортаны қорғауға бағытталған инвестициялар бір жылда бар-жоғы 4 пайызға өсті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Energyprom.kz мониторингтік агенттігіне сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қалалардың ластануы бойынша ең нашар елдер рейтингінде Қазақстан 115 елдің ішінде 33-орынды иеленді. Алайда қоршаған ортаны қорғауға бағытталған инвестициялар бір жылда бар-жоғы 4 пайызға өсті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Energyprom.kz мониторингтік агенттігіне сілтеме жасап.

Қазақстанда ластану индексі 73,4. Индекс неғұрлым үлкен болса, жағдай соғұрлым нашар болады.

Ең ластанған елдер қатарына Камерун, Моңғолия және Мьянма кірген. Финляндияда ластану индексі 12,1, бұл әлемдегі ең жақсы көрсеткіш. Рейтингке қатысатын ТМД елдерінің ішінде Қазақстанға қарағанда Әзірбайжандағы жағдай нашар, Молдова, Украина, Ресей, Армения және Беларусьте көрсеткіш жақсы.

Реклама
Реклама

Былтырғы қорытынды бойынша қоршаған ортаны қорғауға бағытталған күрделі инвестициялар 4,3 пайызға, 163,9 миллиард теңгеге дейін өсті.

Салыстыру үшін: 2020 жылы сектордағы инвестициялар 157,1 миллиард теңге, яғни бір жыл ішінде 33,8 пайыз көрсеткішті көрсетіп отыр.

Өңірлік бөліністе сектордағы күрделі инвестициялардың ең көп көлемі Жамбыл облысына бөлінген: 52,8 миллиард теңге - бір жыл бұрынғыға қарағанда 4 есе көп.

Көшбасшы өңірлер үштігіне Нұр-Сұлтан (26 миллиард теңге, жылына 7 есе өскен) және Ақтөбе облысы (19,8 миллиард теңге, 2 есе өскен) кірді. Топ-5 өңірге Атырау және Шығыс Қазақстан облыстары кіреді.

Инвестицияның ең аз көлемі Алматы облысында тіркелген: 579,6 миллион теңге. Солтүстік Қазақстан облысында былтыр бұл салаға инвестиция құйылмаған.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram