23 шілде 2020 10:05

Қазақстан Ауғанстан мен Өзбекстанға гуманитарлық көмек жібереді

© pixabay.com

Қазақстан үкіметі Ауғанстан мен Өзбекстанға гуманитарлық көмек жібереді. Премьер министр Асқар Мамин қол қойған үкім "Әділет" ҚР нормативтік құқықтық актілерінің ақпараттық-құқықтық жүйесі порталында жарияланған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстан үкіметі Ауғанстан мен Өзбекстанға гуманитарлық көмек жібереді. Премьер министр Асқар Мамин қол қойған үкім "Әділет" ҚР нормативтік құқықтық актілерінің ақпараттық-құқықтық жүйесі порталында жарияланған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Гуманитарлық көмек ретінде: ұйықтауға арналған қаптар, қыстық палаткалар, төсек, матрац, жастық тыстары, жастық, көрпеше, күртеше, шалбар мен бас киім жіберіледі. Азық-үлік өнімдерінен: жоғары сорттағы ұн, қарақұмық жармасы, өсімдік майы мен сүт өнімдері жіберіледі. Үкімет басшысы көршілес елдерге гуманитарлық көмек көрсету бойынша бірнеше тапсырма берді. 

Реклама
Реклама

"Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі ресми ізгілік көмекті алушыларды айқындасын және оны көрсету жөніндегі шараларды үйлестіруді қамтамасыз етсін.

Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі ізгілік жүкті Ауғанстан Ислам Республикасы мен Өзбекстан Республикасындағы межелі пункттерге дейін тасымалдау мен жеткізуді қамтамасыз етсін.

Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика, Сыртқы істер, Қаржы, Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрліктері осы қаулыдан туындайтын шараларды қабылдасын", - делінген құжатта. 

Құжаттың толық нұсқасымен мына жерде танысуға болады. 

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram