Қазақстан Ауғанстанға гуманитарлық көмек көрсетеді

Дина Шарипханова Корреспондент
viewings icon 527
comments icon 0
Фото: twitter.com/PDChina Фото: twitter.com/PDChina

Қазақстан Ауғанстанға гуманитарлық көмек көрсетеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі primeminister.kz-ке сілеме жасап.

Қазақстан Ауғанстанға гуманитарлық көмек көрсетеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі primeminister.kz-ке сілеме жасап.

"Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес Қазақстан Республикасы Ауғанстанға гуманитарлық көмек көрсетеді. Бұл мәселе Үкіметтік комиссияның отырысында талқыланды.

Гуманитарлық көмек азық-түлік тауарлары, шатырлар, дәрі-дәрмектер, киім-кешек және басқа да қажетті заттардан тұрады. Жүктер жақын арада әуе және теміржол көлігімен жөнелтілетін болады", - делінген хабарламада.

Сонымен қатар, Ауғанстанға үйінділер астында қалған адамдарды құтқару үшін ТЖМ құтқарушылары, соның ішінде кинолог мамандар жіберіледі.

Реклама
Реклама

"Қазақстан биылғы 7 қазанда Герат провинциясында болған жойқын жер сілкіністерінің салдарын жою мақсатында Ауғанстанға қолдау көрсетеді", - делінген хабарламада.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Дина Шарипханова
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная