18 тамыз 2021 | 17:40

Қазақстан Ауғанстаннан 15 қырғызстандықты эвакуациялауға көмектесті

Дина Шарипханова Корреспондент
Фото: Reuters

Қазақстан Ауғанстаннан Қырғызстанның 15 азаматын эвакуациялауға көмектесті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Қырғызстан Сыртқы істер министрлігі баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Қазақстан Ауғанстаннан Қырғызстанның 15 азаматын эвакуациялауға көмектесті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Қырғызстан Сыртқы істер министрлігі баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

2021 жылғы 18 тамызда қырғыз тарапының бастамасы бойынша Қырғыз Республикасының Сыртқы істер министрі Руслан Қазақбаев Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеубердімен телефон арқылы сөйлесті.

Ведомство мәліметінше, әңгіме барысында екі елдің сыртқы істер орган басшылары қырғыз-қазақ қатынастарының күн тәртібіндегі өзекті мәселелерді талқылаған.

Реклама
Реклама

"Министр Руслан Қазақбаев Қазақстан Республикасының Үкіметі мен елдің Сыртқы істер министрлігіне Кабулдан Қырғыз Республикасының 15 азаматын эвакуациялауға көрсеткен көмегі үшін, сондай-ақ Қырғызстанның Ауғанстандағы елшілігіне көрсеткен көмегі үшін алғысын білдірді. Бұл - елдер арасындағы бауырластық, одақтық және тату көршілік қарым-қатынас жоғары деңгейін көрсетеді", - делінген хабарламада.

Мұхтар Тілеуберді қазақстандық тараптың Қырғыз Республикасының азаматтары мен Қырғызстанның Ауғанстандағы дипломатиялық миссиясына қатысты мәселелер бойынша одан әрі көмек көрсетуге дайын екенін жеткізді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная