Қазақстан ауылдарында өлім-жітім төмендеді - министрлік

Гүлнара Досымшалова Корреспондент

Денсаулық сақтау министрлігі Қазақстанның ауылдарында өлім-жітім көрсеткішінің төмендегенін тіркеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Денсаулық сақтау министрлігі Қазақстанның ауылдарында өлім-жітім көрсеткішінің төмендегенін тіркеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Бұл туралы Үкімет отырысында Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният мәлімдеді.

"Медициналық-демографиялық жағдай тұрақты. Ресми статистика бойынша ауылдардағы денсаулық көрсеткіштері жақсарып, өлім-жітім 21,3 пайызға төмендеген.

Ауыл тұрғындарының денсаулығын талдау барысында тыныс алу органдары ауруы көп кездесетіні анықталды - 42,7 пайыз (2021 жылы - 100 мың халыққа 17164,4), одан кейінгі орында ас қорыту - 9 пайыз (2021 ж. - 3626,6)", - деді Ғиният.

Реклама
Реклама

Денсаулық сақтау министрлігі басшысының мәліметінше, ауылда 8 миллионға жуық адам тұрады, бұл ел халқының 41 пайызы. 5 мыңнан аса медициналық ұйым ауыл тұрғындарына медициналық көмек көрсетеді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама