12 қазан 2018 | 00:15

Қазақстан азаматы Өзбекстанда сегіз жылға сотталуы мүмкін

КТК арнасының кадры

Өзбекстан шекарасында ұсталған қазақстандық азамат Нұрлан Құлтаев сегіз жылға сотталуы мүмкін. Оған өзінің жүк көлігімен контрабандалық тауар алып шығып, салық төлеуден жалтарды деген айып тағылған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі КТК арнасына сілтеме жасап. 

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Өзбекстан шекарасында ұсталған қазақстандық азамат Нұрлан Құлтаев сегіз жылға сотталуы мүмкін. Оған өзінің жүк көлігімен контрабандалық тауар алып шығып, салық төлеуден жалтарды деген айып тағылған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі КТК арнасына сілтеме жасап. 

Қазақстандықты 21 қыркүйекте изоляторға қамаған. Өзбекстандық арнайы қызмет өкілдері ер адамның контарбандалық тауар алып өтпекші болғанын күдіктенген. Жүргізуші құжат бойынша фура бос болды деп, 33 тонна шоколад пен сусын алып өтпекші болған деген айып тағылды. 

Реклама
Реклама

"Біздің елдің азаматы Өзбекстанда ұсталғаны жайлы елшілікке 4 қазанда белгілі болған. Біздің консул онымен кездесуге талпынып жатыр. Қажетті норма Өзбекстан сыртқы істер министрлігіне жіберілді. Адвокаттары, өзбекстандық азаматтар, Өзбекстан заңына сілтеме жасап, консулмен кездесуге және тергеу жайлы қандай-да бір мәліметті жариялаудан бас тартып отыр", - деді ҚР СІМ баспасөз қызметінің өкілі Айбек Смадияров. 

Айта кетейік, осы жағдайдан соң, қазақстандық кеденде тергеу басталды. Бекет басшысы Бауыржан Қонысбаев өз қызметінен кетті, тергеу жүріп жатыр. 


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная