08 қараша 2020 17:21

Қазақстан Әзербайжанға қару жеткізбейді - ИИДМ

Қазақстанның басқа елдерге қару жеткізу ниеті жоқ. Бұл туралы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігіндегілер мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі StopFake.kz-ке сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстанның басқа елдерге қару жеткізу ниеті жоқ. Бұл туралы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігіндегілер мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі StopFake.kz-ке сілтеме жасап.

Кейбір интернет-сайт пен әлеуметтік желіде Қазақстан Әзербайжанға қару жеткізе бастады деген хабарлама тарады. Бұл ақпарат - фейк. Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі мәліметті жоққа шығарды.

Реклама
Реклама

"Қазақстан әлемдік қауымдастық алдындағы барлық міндетін орындайды және басқа елдерге қару жеткізу ниеті жоқ. Мақалада көрсетілген мәліметтер шындыққа жанаспайды және оның ешқандай негіздемесі жоқ", - делінген ведомствоның хабарламасында.

Сондай-ақ ҚР ИИДМ Азаматтық авиация комитетінің мәліметінше, 2020 жылғы 2-3 қарашада Silk Way West Airlines әуекомпаниясы Нұр-Сұлтан және Баку арасында рейс жасамаған.

Еске салайық, 27 қыркүйекте таңертең Армения мен Әзербайжан арасындағы қақтығыс шиеленісті. Таулы Қарабақта соғыс жағдайы енгізілді. Армения да Қарабақтағы оқиғаларға байланысты әскери жағдай мен жалпы мобилизация жариялады. 

Бүгін Әзербайжан президенті Илхам Әлиев Таулы Қарабақтағы маңызды қаланы бақылауға алғанын мәлімдеді.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram