15 қазан 2018 | 10:57

Қазақстан байлығы бойынша Германиядан асып түсті

© Sputnik

Халықаралық валюта қорының мамандары есептеудің жаңа тәсілдері бойынша 31 елдің қаржылық жағдайына сараптама жасады, бұл елдер әлемдік экономикалық өндірістің 61 пайызын құрайды, - деп хабарлады Die Welt

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Халықаралық валюта қорының мамандары есептеудің жаңа тәсілдері бойынша 31 елдің қаржылық жағдайына сараптама жасады, бұл елдер әлемдік экономикалық өндірістің 61 пайызын құрайды, - деп хабарлады Die Welt

Сараптама нәтижелеріне сәйкес, мемлекеттің байлығы жағынан алдыңғы орындарда Норвегия, Ресей және Қазақстан тұр.

Реклама
Реклама

"Ресейдің нақты мүлкі ел экономикасының өнімділігінен төрт есеге жоғары, Қазақстандыкінен - үш есе. Сонымен қатар, екі елде де мемлекеттік қарыз жоқ, есесіне мұнай мен газдың ірі кен орындары бар", - деп келтірді ИноТВ неміс басылымының деректерін.

Норвегия сараптама жасалған экономикалар арасында ең ірі таза активтерге ие ел болып шықты - мемлекеттің мүлкі ел экономикасының өнімділігінен төрт есеге жоғары.

Сондай-ақ, Аустралия, Перу, ОАР және Оңтүстік Кореяның таза активтері ел экономикасының өнімділігінен асып түседі.

Германияға қатысты айтатын болсақ, бұл ел рейтингте Уганда мен Кениядан да қалып қойды. Германиядан кейінгі орындарда Сальвадор, Аустрия, Франция, Гамбия және Ұлыбритания тұр. Бұл тізімнің соңында Португалия бар, бұл елдің қарызы 135 пайыз.

Басылымның мәліметінше, есептеу кезінде мемлекет пен үкіметтің ғана жағдайы ескерілген жоқ, сонымен қатар, биліктің бақылауындағы барлық кәсіпорын мен орталық банктердің жағдайы қарастырылған. Сондай-ақ, табиғи ресурстардың көлемі мен мемлекеттің мемқызметкерлерді қамтамасыз ету міндеті де есепке алынған.

Алайда әлеуметтік жүйе қарыздары, яғни зейнетақы мен медициналық қызмет үшін қаржы бағалау кезінде есепке алынбаған.

Мамандардың айтуынша, бұл есептеу мемлекеттердің қаржылық жағдайын суреттеп берген. Бағалау кезінде мемлекетке тиесілі барлық нәрсе мен борыш міндеттемесі есепке алынған. Осылайша, мемлекеттердің қарызы мен жетіспеушілігінен де артық дүниелер жария болды. "Үкіметтердің басым бөлігі ашықтықтың мұндай формасынан қашқақтайды", - дейді валюталық қордағылар.


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная