16 ақпан 2024 | 09:13

Қазақстан бойынша 100 жол учаскесі жабылды

Фото:depositphotos.com

Қазақстанда 100 тасжол учаскесінде көлік қозғалысына шектеу енгізілді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "ҚазАвтоЖол" мәліметіне сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Қазақстанда 100 тасжол учаскесінде көлік қозғалысына шектеу енгізілді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "ҚазАвтоЖол" мәліметіне сілтеме жасап.

"16 ақпан сағат 07:00-дегі ахуалға сәйкес ауа райының қолайсыздығына байланысты 16 облыста республикалық маңызы бар автожолдардың 100 учаскесінде көлік қозғалысына шектеу енгізілді", - делінген хабарламада.

Реклама
Реклама
  • Абай облысында - 9 учаске (1243 шақырым);
  • Ақмола облысында - 27 учаске (2201 шақырым);
  • Ақтөбе облысында – 5 учаске (778 шақырым);
  • Алматы облысында - 1 учаске (84 шақырым);
  • Атырау облысында - 1 учаске (9 шақырым);
  • Шығыс Қазақстан облысында – 5 учаске (408 шақырым);
  • Жамбыл облысында - 1 учаске (450 шақырым);
  • Жетісу облысында - 1 учаске (100 шақырым);
  • Батыс Қазақстан облысында - 1 учаске (133 шақырым);
  • Қарағанды облысында - 8 учаске (1158 шақырым);
  • Қостанай облысында - 11 учаске (1508 шақырым);
  • Қызылорда облысында - 1 учаске (815 шақырым);
  • Павлодар облысында - 9 учаске (1624 шақырым);
  • Солтүстік Қазақстан облысында - 15 учаске (1924 шақырым);
  • Түркістан облысында - 2 учаске (283 шақырым);
  • Ұлытау облысында - 3 учаске (543 шақырым).

"Қазіргі сәтте республикалық маңызы бар автожолды қысқы күтіп-ұстауға 141 техника және 196 жолшы жұмылдырылған", - делінген хабарламада.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная