24 қазан 2024 | 15:55

Қазақстан БРИКС аясында бірлесіп жұмыс істеуге ниетті - Президент

Фото:depositphotos.com

"Аутрич"/"БРИКС+" форматындағы пленарлық отырысында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан БРИКС аясында бірлесіп жұмыс істеуге ниетті екенін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

"Аутрич"/"БРИКС+" форматындағы пленарлық отырысында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан БРИКС аясында бірлесіп жұмыс істеуге ниетті екенін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Қазақстан мемлекеттің орнықты және қауіпсіз дамуы мүддесінде жан-жақты ынтымақтастықты нығайту үшін БРИКС форматында бірлесіп белсенді жұмыс істеуге бел буды. Қазандағы БРИКС саммиті жақсы, әділ әлем құру жолындағы маңызды кезең ретінде тарихта қалатынына сенімдімін", – деді Мемлекет басшысы.

Айта кетейік, Қазанда БРИКС саммиті өтіп жатыр. 23 қазанда Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей президенті Владимир Путиннің шақыруымен БРИКС мемлекеттері басшыларының XVI саммитіне қатысу үшін Қазанға жұмыс сапарымен барды.

Реклама
Реклама

Президентке Қазақстанның БРИКС құрылымына кіру мүмкіндігін қарастыру туралы ұсыныстар түсті. Бұл туралы Президенттің кеңесшісі - Президенттің Баспасөз хатшысы Берік Уәли Tengrinews.kz сайтына берген сұхбатында айтқан еді. Уәли бұл ұсыныстарды Мемлекет басшысы мұқият қарайтынын және оның тапсырмасы бойынша Қазақстанның ұлттық мүдделері тұрғысынан тиісті ведомстволар талдайтынын атап өтті.

Анықтама үшін: БРИКС (BRICS) - тоғыз мемлекеттің бірлестігі: Бразилия, Ресей, Үндістан, ҚХР, Оңтүстік Африка, БАӘ, Иран, Египет және Эфиопия. Ұйым 2006 жылғы маусымда құрылды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная