09 маусым 2021 | 10:09

Қазақстан БҰҰ-ның Экономикалық және әлеуметтік кеңесі құрамына кірді

Дина Шарипханова Корреспондент

Қазақстан БҰҰ-ның Экономикалық және әлеуметтік кеңесі құрамына сайланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі СІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Қазақстан БҰҰ-ның Экономикалық және әлеуметтік кеңесі құрамына сайланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі СІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"БҰҰ Бас Ассамблеясының 73-ші пленарлық отырысында Қазақстан 2022-2024 жылдарға БҰҰ Экономикалық және әлеуметтік кеңесінің құрамына сайланды", - делінген ведомство хабарламасында.

Кеңес БҰҰ-ның экономикалық, әлеуметтік және экологиялық қызметін үйлестіруге жауапты негізгі орган және осы салалардағы өзекті мәселелер бойынша шешімдерді ілгерілетуге арналған орталық алаң саналады.

Реклама
Реклама

СІМ мәліметі бойынша, Қазақстан орнықты дамудың жаһандық мақсаттарын тиімді іске асыру және Орталық Азиядағы неғұрлым маңызды гуманитарлық мәселелерді шешу үшін халықаралық қаржы және сауда ұйымдарымен ынтымақтастықты нығайтуға ниетті. Кеңеске мүше болу Қазақстанға экономика, әлеуметтік сала және мемлекеттік басқару реформаларында табысты әлемдік тәжірибені тартуға ықпал етеді.

Фото: СІМ баспасөз қызметі

Дауыс беру қорытындысы бойынша кеңес мүшелері Ауғанстан, Белиз, Бельгия, Үндістан, Италия, Канада, Кот-д'Ивуар, Маврикий, Оман, Перу, АҚШ, Танзания, Тунис, Хорватия, Чехия, Чили және Эсватини болды. Қазақстанды 180 мемлекет қолдаған.

Бұған дейін Қазақстан 2007-2009 және 2014-2016 жылдар кезеңінде екі рет сайланды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная