Қазақстан бюджетіне 335 миллиард теңге түспеген - ЖАП басшысы

Әлихан Смайылов Сурет:gov.kz

Бюджет тапшылығын қысқарту жөніндегі жоспарды орындау қиынға соғуы мүмкін, ал мемлекеттік кірістер шамадан тыс оптимизммен болжанған болып шықты. Жоғары аудиторлық палата (ЖАП) төрағасы Әлихан Смайылов бюджеттік жоспарлаудағы олқылықтарды айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Бюджет тапшылығын қысқарту жөніндегі жоспарды орындау қиынға соғуы мүмкін, ал мемлекеттік кірістер шамадан тыс оптимизммен болжанған болып шықты. Жоғары аудиторлық палата (ЖАП) төрағасы Әлихан Смайылов бюджеттік жоспарлаудағы олқылықтарды айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Смайыловтың айтуынша, ЖІӨ болжамының 9 триллион теңгеге асыра орындалғанына қарамастан, бюджетке 335 миллиард теңге түспеген.

"Бұл жоспарлаудағы кемшіліктер мен салықтық түсімдерді шамадан тыс оптимизммен болжау салдарынан болып отыр", - деді Смайылов.

Жарнама
Жарнама

ЖАП басшысы бұған дейін аудиторлар кірісті болжау әдістемесінің сақталмайтынына нұсқағанын еске салды. Оның айтуынша, шамадан тыс параметрлер мен әдістемеде көзделмеген қосымша түсімдер жиі қолданылады.

Әлихан Смайылов асыра көрсетілген болжамдарды қалыптастыру алдағы жылдары салық базасының қысқаруына әкеп соғатынын айтты.

Жоғары аудиторлық палатаның бағалауынша, 2025 жылы бюджетке 2026 жылға тиесілі 154 миллиард теңге көлемінде төлемдер аударылған. Сонымен қатар мемлекет салық төлеушілерге 900 миллиард теңгеге жуық қосылған құн салығы қайтарылмаған. Палата төрағасының айтуынша, мұндай шаралардың өзі бюджеттің кірісі мен шығысын теңестіруге мүмкіндік бермеген.

"2025 жылдың қорытындысы бойынша жоспарланған 244 миллиард теңге бөлінбеген және едәуір кредиторлық берешек қалыптасқан", - деді ол.

Сондай-ақ Смайылов бюджет тапшылығы әлі де айтарлықтай жоғары екенін айтты. Оны қысқарту жоспарлары қабылданғанымен, аудиторлар олардың орта мерзімді перспективада іске асуын екіталай деп санайды.

Бұған дейін салық реформасының арқасында Қазақстан бюджеті толыға түскені хабарланған болатын. Қаржы вице-министрі Ержан Біржановтың айтуынша, жыл басынан бері Қазақстанның республикалық бюджетіне салық түсімдері 3,6 триллион теңгеге дейін өскен, бұл былтырғы сәйкес кезеңмен салыстырғанда 900 миллиардқа артық.

Тағы оқыңыз: Жаңа салықтар Қазақстан бюджетін “байытты”: Қаржы министрлігі деректері

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
Жолдау
Пікірлер редакция тарапынан модерациядан өтеді
Пікірлерді оқу

Жарнама
Жарнама