Қазақстан ChatGPT-ге салық салды

ЖИ

ChatGPT Қазақстандағы ҚҚС төлеушілер қатарына кірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ChatGPT Қазақстандағы ҚҚС төлеушілер қатарына кірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

2022 жылдан бастап Қазақстанда цифрлы қызметтерге салық, яғни Google салығы енгізілді. Бұл елде жұмыс істейтін трансұлттық ІТ-компанияларға әділ салық салу мақсатында жасалған қадам болды.

"2025 жылғы мамырдан бастап OpenAI, L.L.C. компаниясы шартты түрде тіркелді. Бұл - жасанды интеллект саласындағы жетекші америкалық ұйым, кеңінен танымал ChatGPT интеллектуалды жүйесінің әзірлеушісі. Енді Қазақстан аумағындағы жеке тұлғаларға қызмет көрсеткені үшін ChatGPT Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес қосылған құн салығын төлейді", - деп жазылған хабарламада.

Реклама
Реклама

Айта кетейік, ChatGPT - жасанды интеллектіге негізделген чат-бот. GPT (Generative Pre-trained Transformer) тілдік моделі негізінде жұмыс істейді және мынадай мүмкіндіктерге ие: сұрақтар мен өтініштерді түсіну; мағыналы әрі қисынды жауаптар құрастыру; аударма, хат жазу, кодтау, оқу және басқа да салаларда көмек көрсету.

ChatGPT-ді виртуалды көмекші, кеңесші, сұхбаттасушы немесе шығармашылық пен жұмысқа арналған құрал ретінде пайдалануға болады.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама