Қазақстан Даму Банкінің басшысы қызметінен кетті

Гүлнара Досымшалова Корреспондент
Қазақстан Даму Банкінің басшысы қызметінен кетті

Руслан Искаков Қазақстан Даму Банкінің (ҚДБ) басшысы қызметінен кетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Руслан Искаков Қазақстан Даму Банкінің (ҚДБ) басшысы қызметінен кетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"26 қазанда "Қазақстан Даму Банкі" АҚ-ның жалғыз акционері "Бәйтерек" ұлттық басқарушы холдингі өз қалауы бойынша банктен кету туралы шешім қабылдаған басқарма төрағасы Искаков Руслан Викторовичтің өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтатты", - делінген хабарламада.

Руслан Искаков ҚДБ басқарма төрағасы лауазымын 2022 жылдың ақпан айынан бастап атқарды.

Жарнама
Жарнама

Оның банк басшысы ретіндегі қызметі барысында негізгі бизнес-процестерді реформалау бойынша жұмыс жүргізілді, ҚДБ-ның елдік деңгейдегі халықаралық рейтингтері расталды, 800 миллион доллардан астам тікелей шетелдік инвестициялар тартылды, оның ішінде еурооблигациялардың табысты шығарылуы іске асырылды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Автор сұрағы
Жолдау
Пікірлер редакция тарапынан модерациядан өтеді
Пікірлерді оқу

Жарнама
Жарнама