13 ақпан 2020 | 15:26

Қазақстан дүңгендер қоғамының басшысы әлеуметтік желідегі мәлімдемеге қатысты пікір білдірді

© Тұрар Қазанғапов

Қазақстан дүңгендер қоғамының басшысы Абубакир Войнце әлеуметтік желідегі халықаралық дүңгендер қауымдастығының атынан тараған жазбаға қатысты пікір білдірді. Оның айтуынша, жазбаны жариялаған әйел дұрыс істемеген және оның сөзі ресми Қазақстандағы дүңгендер ұстанымына еш қатысы жоқ екен, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Қазақстан дүңгендер қоғамының басшысы Абубакир Войнце әлеуметтік желідегі халықаралық дүңгендер қауымдастығының атынан тараған жазбаға қатысты пікір білдірді. Оның айтуынша, жазбаны жариялаған әйел дұрыс істемеген және оның сөзі ресми Қазақстандағы дүңгендер ұстанымына еш қатысы жоқ екен, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Facebook-те Zukhra Zakirova есімді қолданушы "Бүкіл әлемдегі дүңгендер, бірігіңдер" қауымдастығында жазба қалдырды. Ол былай деп жазады: "дүнгендердің өмірі туралы ақпарат осы қиын кезеңде әдейі бұрмаланып, біз үшін тиімсіз болып шығып жатыр". "Біз кейбір жеке азаматтардың Қордай ауданы ауылдарының тұрғындары мен дүңген этносының өкілдерінің беделін түсіретін тұтас науқанды ұйымдастыруға тырысып-бағып жатқанының куәсі болдық".

Реклама
Реклама

Алайда бұл хабардың Қазақстандағы дүңген ресми өкілдігімен еш байланысы жоқ, деді Әбубәкір Войнце.

"Зухра Закирова деген кім өзі, мен білмеймін және оның кім екенін түсіне алмадым. Біз мұндайды жазбадық. Біз алдын ала қандай да бір қорытынды жасамаймыз. Біз оны мемкомиссияның қорытындысы бойынша ғана айтамыз. Менің ойымша, олар объективті түрде саралайтын болады. Бұл тек оның жеке пікірі болуы мүмкін, бірақ Қазақстанның барлық дүнгендерінің пікірі емес. Менің ойымша, бұрын болған нәрсені еске алудың қажеті жоқ. Бүгінгі күнмен өмір сүріп, бірінші кезекте отбасыларына көмек көрсетіп, елдегі бейбітшілік пен тыныштықты қалпына келтіру қажет", - деді Қазақстан дүнгендер қоғамының төрағасы.

Сондай-ақ, Әбубәкір Войнце Қазақстанда дүңген ресми өкілдігі "Қазақстан дүнген қоғамы" екенін, және онда ол халық Ассамблеясының Төрағасы және мүшесі де өзі екенін айтты. Сонымен қатар, Алматыда Рамазан Аюбов басқаратын филиал жұмыс істейді. Сондай-ақ, Қазақстан дүңген қауымдастығы құрылды, олардың заңды мекен-жайы Масанчи ауылында орналасқан.

"Бұл қоғамдық бірлестік секілді. Біз олармен араласамыз, бірақ олар бөлек шыққысы келеді. Қоғам ретінде. Мемкомиссияның қорытындысы бойынша есеп бергенде біз бірлесіп жұмыс істейтін боламыз деп үміттенемін", - деді ол.

Қорытындылай келе, Әбубәкір Войнце қазір дүнгендердің айналасында көп арандату болып жатқанын және осындай жазбалар соған түрткі болатынын айтты. 

Еске салайық, осыған дейін Войнце әйелдер мен балалардың Қырғызстаннан қайта келіп жатқанын айтты. Соңғы мәліметтер бойынша, 1,5-2 мыңға жуық Қазақстандық дүңгендер әлі де Қырғызстан аумағында жүр екен. Олардың басым бөлігі Шу облысының Тоқмак қаласында тұрады. Олар туыстарының, таныстарының үйінде өмір сүріп жатыр.


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная