17 қараша 2021 | 17:46

Қазақстан экономикасы өндірістің пандемияға дейінгі деңгейіне жетті

Гүлнара Досымшалова Корреспондент
Фото: Primeminister.kz

ҚР премьер-министрі Асқар Мамин Қазақстан бойынша миссия басшысы Николя Бланше бастаған Халықаралық валюта қорының (ХВҚ) сарапшыларымен келіссөз жүргізді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі primeminister.kz сайтына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

ҚР премьер-министрі Асқар Мамин Қазақстан бойынша миссия басшысы Николя Бланше бастаған Халықаралық валюта қорының (ХВҚ) сарапшыларымен келіссөз жүргізді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі primeminister.kz сайтына сілтеме жасап.

Үкімет басшысына Қазақстандағы экономикалық ахуал, сондай-ақ пандемия салдарын төмендету және халық пен бизнесті қолдау бойынша ҚР-да жүргізіліп жатқан саясат бойынша ХВҚ-ның сараптамалық бағалаулары мен болжамдары таныстырылды.

Миссия биылғы жылдың 10 айының қорытындысы бойынша 3,5 пайыз деңгейінде ҚР нақты ЖІӨ өсімінің оң динамикасын және өндіріс көлемінің пандемияға дейінгі деңгейге қайтарылуын айқындады.

Реклама
Реклама

"Ресми органдардың әрекет ету шаралары халықтың табысы мен экономикалық белсенділікке тиген соққы әсерін жұмсартуда маңызды рөл атқарды. Экономикалық саясат шаралары әлеуметтік маңызы бар тауарлардың бағасын реттеуді, әлжуаз үй шаруашылықтарына ақшалай төлем беруді және аса зардап шеккен секторлар мен шағын және орта бизнес кәсіпорындарына атаулы көмек, оның ішінде жеңілдетілген несие мен салықтық жеңілдіктер беруді қамтыды. "Жұмыспен қамтудың жол картасы" бағдарламасы аясындағы жобалар жұмыспен қамтуды қолдауға ықпал етті", — делінген ХВҚ миссиясының мәлімдемесінде.

Халықаралық валюта қоры сарапшыларының болжамдарына сәйкес, 2021 жылдың қорытындысы бойынша қалпына келу серпінін одан әрі сақтай отырып, ҚР экономикасының өсу қарқыны 3,7 пайызға жетеді.

ХВҚ миссиясы Қазақстанның қаржылық қадағалауды күшейту, инфляциялық таргеттеу, салықтық және бюджеттік әкімшілендіруді цифрландыру жөніндегі шараларына, сондай-ақ 2060 жылға қарай көміртегі бейтараптығына қол жеткізу жөніндегі міндеттемелеріне жоғары баға берді.

Премьер-министр Қазақстан пандемиядан кейінгі жаңа шынайылық жағдайында сапалы және орнықты дамуды қамтамасыз ету мақсатында Мемлекеттік жоспарлаудың жаңа жүйесіне көшкенін атап өтті. Оны жүзеге асыру аясында Үкімет өңірлік даму, кәсіпкерлік, АӨК, экология, цифрландыру, білім және ғылым, денсаулық сақтау және қоғамдық даму салаларында ұлттық жобалар әзірледі. Бұл ретте инвестиция тартудың жаңа тәсілдері әзірленіп, "жасыл" экономиканы қалыптастыру бағыты айқындалды.

Тараптар ақша-несие, валюта, салық-бюджет саясаты, банк саласындағы ахуал, жеке секторды дамыту және Қазақстанда жүргізіліп жатқан экономиканың құрылымдық реформалары мәселелерін талқылады.

Келіссөзге премьер-министрдің бірінші орынбасары Әлихан Смайылов, Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің төрағасы Қайрат Келімбетов, қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев, ұлттық экономика министрі Әсет Ерғалиев, Ұлттық банк төрағасының орынбасары Әлия Молдабекова және т.б. қатысты.

ХВҚ миссиясы Қазақстанға ХВҚ келісімінің IV бабына сәйкес жыл сайынғы консультацияларды өткізу үшін жылына екі рет келеді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная